Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында халықты түнгі 00:00-де туған күнмен құттықтауды үрдісін тоқтатуды ұсынды.
«Құрметті инстадостар! Түнгі 00:00-де арнайы барып туған күнмен құттықтағанды, сіз болып, біз болып тоқтатайық…
Достар, Туыстар, сыныптастар арасындағы чаттарға да жіберіңіз.
Бұл нәрсе ешкімге ыңғайлы емес. Ұйықтар уақытта ешкімге ұнайды деп те ойламаймын. Жәй ғана инстадан көріп, еліктеу арқылы әдетке айналған болу керек.
Әсіресе, жасөспірімдер үшін түнде жүру қауіпті. Келісетіндеріңіз келісемін деп жаза кетіңіздер», – дейді әнші.
Оның жазбасын қолдап жатырғандар көп.
Мәселен, радио жүргізушісі Гүлмира Нәлібай пікір қалдырып: «Өте дұрыс айтасың, осыны елге айтатын танымал өздеріңдей жандар. Түнде құттықтағанда не өзгереді деймін да? Елдің мазасын аласың, шаршатасың, жолда түнде қауіпті, оңай емес. Алла сақтасын! Қазір әке-шешені тыңдайтын бала азайды. Адамдар өте қиын болып кетті. Бетке торт жағады, жұмыртқа жарады, білгенін істейді. Бәрі батыстан алған тәрбие. Қиын», – деп жазды.
Өзге де желі қолданушылары: Мен өз басым ешкімді түнгі 12 де құттықтап бармаппын», «Өте дұрыс қолдаймын», «Дұрыс түнде ешкімді мазаламау керек» деген сынды қолдап пікір білдіруде.