Жас қаламгерлерге арналған «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауы басталды. Байқауды Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастыруда.
Байқаудың басты мақсаты – кәсіби шеберлігімен қажырлы қызмет етіп, елімізді дамытуға зор үлес қосып жүрген еңбек адамдарын (мұғалімдер, дәрігерлер, кеншілер, фермерлер, құрылысшылар, журналистер, музыканттар, кітапханашылар және т.б) ұлықтау, олардың еселі еңбектерін көпке насихаттау.Бұл байқауда аталған мамандықтардың ерекшелігін көрсетіп қана қоймай, кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін, басынан кешкендерін, армандары мен күнделікті кездесетін қиындықтарын тағылымы мол туындыға айналдыру көзделген. Сол арқылы жас қаламгерлерге халықтың ыстық ықыласына бөленген, жас ұрпаққа үлгі-өнеге болатын бірегей образдар жасауға мүмкіндік беру жоспарланып отыр.
«Ерлік пен еңбек дастаны» байқауы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялауы» бастамасы негізінде жарияланды.
️Байқауға 14-35 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады.
️Байқауға өтінімдер 2024 жылдың қазан айынан бастап 2025 жылғы 1-тамызға дейін қабылданады.
️Байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған бір ғана шығармасы қабылданады.
Байқау жеңімпаздары Республика күні қарсаңында марапатталады.
Жеңімпаздардың шығармалары кітап болып жарық көріп, еліміздің кітапханаларына таратылады.
Жас қаламгерлер шығармаларын ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына erlikpenenbekdastany@gmail.com электронды поштасы арқылы жолдай алады.