Сиднейде өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) қарсыласы Андрей Михайловичті нокаутпен жеңді.
Фото: inbusiness.kz
Жәнібек кездесудің басынан бастап қарқынын төмендетпей, жеңіске жетуге бар күш-жігерін салды. Сөйтіп, жаңазеландиялық қарсыласын 2-раундта нокдаунға түсірсе, 9-раундта техникалық нокаутқа жіберді.
Бұл – Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой мансабындағы 16-жеңісі. Осылайша, жерлесіміз IBF және WBO белбеулерін сәтті қорғады. Ал Андрей Михайлович кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісіне ұшырады.