Басты бет » Жаңалықтар » «Алатау жастары» тұрғын үй бағдарламасы басталды

«Алатау жастары» тұрғын үй бағдарламасы басталды

Жас мамандарға арналған «Алатау жастары» бағдарламасы 1-15 Қазан аралығында өтінімдерді қабылдайды, деп хабарлады Отбасы банк. Несие сомасы 18 миллион теңгеден аспайды.
Бастапқы жарна 10%.
Қарыз бойынша сыйақы мөлшері 6%.
Несиелендіру мерзімі 19 жыл.

Кімдер қатыса алады?
Өтініш берушінің жасы 35 жастан аспауы тиіс.
Қазақстан азаматы болуы керек.
Бағдарламаға қатысушының және отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда ҚР аумағында жылжымайтын мүліктің болмауы керек
ҚР аумағында сатып алу құқығы мен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы.
Алматы облысында таңдалған қызмет саласында ресми жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес болуы (зейнетақы жарналарымен расталған)
Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатысу керек.

Фото: shutterstock.com