«Тараз-Арена» спорт кешенінде салтанатты шара ұйымдастырылып, оған Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты. Өңір басшысы жүзу шеберін айтулы жеңісімен құттықтап, жамбылдықтардың атынан алғыс айтты.
Нұрдәулет Жұмағалиға жазғы Паралимпиададағы жоғары көрсеткіші үшін демеушілердің тарапынан 2 бөлмелі пәтер мен Toyota Camry 75 автокөлігінің кілті табысталды.