Көшпенділер ойындарын ұйымдастыру дирекциясы бастапқыда этноспорттың 21 түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады деп жариялады. Шетелдік құрамалардың өтініші бойынша жарыс барысында дәстүрлі садақ атудан қосымша «пұт», «қалқан» және «жамбы» нысаналары бойынша қыздар сайысы қосылып, медаль жиынтығы 100-ге жетті.
8-13 қыркүйек аралығында өткен додаға 89 елден 2500-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы 43 алтын, 32 күміс, 37 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте топ жарды.
Ел намысын қорғаған спортшыларды жеңісімен құттықтаймыз!
@qazaqstantv