Александра Ле Париждегі Олимпиада ойындарында Ислам Сатпаевпен бірге пневматикалық винтовкадан 10 метр қашықтыққа аралас жұптық нысанадан көздеу сайысында қола медаль жеңіп алды.
Satbayev University студенті Қазақстанға осы Олимпиадада алғашқы медалін ғана әкеліп қоймай, 1996 жылдан бері қазақ спортшылары жете алмаған спорт түрінде жеңіске жетті, сонымен қатар, бұл жетістік университеттің 90 жылдығына орай орын алды.
– Барлық студенттерімізді және сүйікті университетімдегі достарымды 90 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Мен үшін өз альма-матерімнің және сүйікті Қазақстанымыздың атынан өнер көрсету үлкен құрмет, — деді Александра.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері және Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының мүшесі Александра Satbayev University Жобаларды басқару институтының студенті.