Басты бет » Жастар үні » ӨҢІРЛІК СТУДЕНТТІК ОМБУДСМЕНДЕР: Жатақхана мәселесін шешуге атсалысады

ӨҢІРЛІК СТУДЕНТТІК ОМБУДСМЕНДЕР: Жатақхана мәселесін шешуге атсалысады

Өңірлерде студенттік омбудсмендер анықталды. Омбудсмендер институты «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысы және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Студенттер кеңесімен бірлесіп жұмыс атқармақ.

  Олар оқу орындары жатақханаларына мониторинг жүргізеді. Мониторинг барысында орындарды бөлу критерийлері мен тұру жағдайлары бағаланатын болады, деп жазды Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар жеке жатақханалардың жаңа оқу жылында студенттерді қабылдауға дайындығы және орын тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған университеттермен жасалған шарттар тексерілетін болады.

Омбудсмендер институты барлық өңірлердің белсенді жастарын арнайы мониторингтік топқа қосылуға шақырады. Омбудсмендерге жатақхана мәселесі, сондай-ақ әр түрлі проблемалық мәселелерді шешу үшін аталған нөмірлерге қоңырау шалып, жеке хабарламалар жаза аласыздар.