Басты бет » Жаңалықтар » Астана қонақтары мен қала халқы қайда қыдырады?

Астана қонақтары мен қала халқы қайда қыдырады?

Елорадамыз Астанаға күн сайын басқа өңірлерден келіп жатырған қонақтармен мен шетелдік туристер жаз мезгілі басталысымен қаламыздың ең әсем жерлерін көріп тамашалауды қалайды. Астананы тамашалаушылар алдымен  «Бәйтерек» монументінен бастайды.

Ең әуелі қала қонақтары мен тұрғандар елорданың қыдыруға болатын жерлерін карта көмегімен қарап аралайтын болса, шетелдік туристердің біршамасы топтық немесе жеке-дара экскурсия көмегіне жүгінсе, енді бірі өздері аралап көруге тырысады.

Астанада туристерге, студенттерге, көпбалалы аналарға жақсы мүмкіндіктер қарастырылған.

Ақша жұмсамай қыдыруға болатын жерлер:

Орталық Астана саябағы,

Жетісу саябағы,

Эксо-парк,

Қазақстан-Корея достық паркі.

Көпбалалы аналарға арналған тегін орындар да бар:

  • ЭКСПО көрмесіне кіріп, толықтай аралап шығуға болады. Ең бастысы, көпбалалы ана екеніңізді растайын құжатыңыз болса жеткілікті.
  • Астана Орталық саябағын айына бір рет, сейсенбі және сенбі күндері 8 түлі аттракционға 3 жастан 14 жасқа дейін тегін, билетті алған күні кешке дейін қолдануға болады.
  • Бәйтерекке кіру тегін.
  • Ұлттық музейге де балаларыңызбен келуге болады.
  • Mega Silkway сауда орталығына келіп, балаларыңызды ойнататын болсаңыз, картаңызды қанша теңгерімге толтырсаңыз, соншалықты теңгерім қосылып берілетін болады.

Астанада қыдыратын ең әдемі жерлер

  • Бас Мешіт
  • Ататүрік саябағы
  • Ботаникалық саябақ
  • Бурабай демаыс орны
  • Астана маңында орналасқан BalQaragai демалыс орны
  • Ханшатыр ойын-сауық кешені
  • «Бәйтерек» монументі
  • Хазірет Сұлтан мешіті
  • Ұлттық Музей
  • Мәңгілік Ел монументі
  • Есіл өзенінің жағалауы
  • Астана Опера
  • Думан Окенариум
  • Пирамида
  • Нұр Әлем павильоны т.б

Бірін айтсаң, бәрін айт демекші, елордамыз Астанада қыдыратын әсем жерлер өте көп. Жоғарыда тек туристер мен қала қонақтары жиі баратын орындардың тізімін жасадық. Күн сайын көркейіп келе жатырған бас қаламызда, уақыт өте келе қыдырып, демалатын орындар мен биік ғимараттар көптен бой көтеріп жатыр.

Қазіргі уақытта қаланы аралауға «Astanaredbus» екіқабатты автобус арқылы қыдыру өте тиімді. Оған 50 адам отыруға болады. Қаланы қыдыру ұзақтығы – 2 cағат.

Осы бағыт бойынша аралағысы келетін кісілерді «Бәйтерек» монументі алдында жинап, 5 бағытқа апарады. Олар: «AILAND» отбасылық демалыс орнына, Жағалау, «Ханшатыр» ойын-сауық орталығы, «Мәңгілік ел» монументі, ЭКСПО, Нұр-Әлем.

Бір күнде 4 айналым бойынша жүреді, 10:30-11:00, 13:10-14-00, 16:10-17:00, 19:10-20:00.

Билет құны ересектерге 6 000 теңге, балаларға 3 000 теңге, 3 жасқа дейінгі балаларға тегін. Студенттерге, зейнеткерлерге 3000 теңге.

Қаланың сыртында, табиғат аясында демалуды жөн көретін жандарға Бурабай, Балқарағай, Зеренді сынды демалыс орындары келушілерін жақсы көңіл күй сыйлары анық.

                                           Перизат САПАРОВА

Фотосуреттер ашық интернет көздерінен алынды