Ғылым және жоғары білім министрлігі және «Отандастар қоры» КеАҚ бірлесе отырып шетелдегі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарына оқуға түсуге осы жылдан бастап жаңа жеңілдетілген талаптар қабылдады.Ең алдымен, Қазақстан Республикасының азаматы болып, табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ тапсырған кезде шектік балл деген болмайды. Одан кейін, бес емтиханның орынына үш емтихан тапсырады. Тапсыратын емтиханы оқу сауаттылығы мен таңдаған бағыты бойынша болады. Сонымен қатар, қандастарға төрт жоғары оқу орынын таңдауға мүмкіншілік қарастырылған.
Ал, қазақ тілін толық меңгерген азаматтарға емтиханды орыс тілінде тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр.
Құжаттар қабылдау 13-20 Шілде аралығында мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатыса алады. Ал, су тасқыны болған аймақтарды 24 Шілдеге дейін қабылдау жүреді. (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Қостанай, СҚО).
Талапкерлердің кез келгені Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарына құжаттарын оффлайн да, онлайнда тапсыруға болады. Мемлекеттік грант тағайындау Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен белгілі болады.