Басты бет » Жастар үні » ҰБТ: Пилоттық жоба аясында 300 грант бөлінеді

ҰБТ: Пилоттық жоба аясында 300 грант бөлінеді

Ғылым және жоғары білім министрлігі осы жылғы ҰБТ-ның нәтижесі бойынша оқу орнына тапсыра алмай қалған жас түлектердің арасында 300 грант тағайындалатынын хабарлады.

Комитет мамандары тағайындалған гранттар ҰБТ нәтижесі арқылы жоғарғы балл жинап, дегенмен де, грантқа түсе алмай қалған жас түлектерге конкурстық негізде берілетінін айтты. Жоғары білім беру комитеті тағайындаған сараланған гранттар рет болып отыр. Министрдің 118 бұйрығына сәйкес, пилоттық гранттар екі бағытқа бөлінеді.

6B03–Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 150 грант, 6B01–Педагогика ғылымдары – 150 грант.
Пилоттық сараланған грантқа қатысу үшін қосымша құжат тапсырудың мүлдем қажеті жоқ.
ҰБТ-ның нәтижесі бойынша балл саны жағынан грант алғандардан кейін тұрған талапкерлер сараланған грантқа ие болады.
Дәл қазіргі кезде грант бойынша оқудың төлемақысын 50/50 болып тұр. Жартысы бюждеттің есебінен төленсе, қалғанын студент өз қалтасынан төлейді, онымен қоса студенттер толыққанды стипендия алады.

Перизат САПАРОВА