Данияр Саламаттың «Талақ» фильмі Шанхай халықаралық кинофестивалінде (SIFF) толықметражды фильм номинациясының «Алтын кубогын» иеленді.
Киногерлер арасындағы беделді додалардың бірінде топ жару қазақ кино тарихындағы ең елеулі оқиғалардың бірі ретінде есте қалмақ. Шанхай фестиваліне Франция, Аргентина, Испания, Германия, Иран және Қытай елінде таспаланған картиналар ұсынылыпты. Яғни, әлемнің үздік 14 фильмінен озып, «Алтын кубок» алып отыр.
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қаржыландыруымен түсірілген бұл туынды қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің «Талақ» және «Әже» шығармаларының желісімен түсірілген. Ал акриса Амира Омар «Үздік әйел бейнесі» номинациясына ие болды.