Басты бет » Жаңалықтар » «Байрағы биік байтағым»: Ақындар мүшайрасы өтеді

«Байрағы биік байтағым»: Ақындар мүшайрасы өтеді

Астана қаласының күніне орай қала әкімдігімен Қазақстан Жазушылар одағы Астана өкілдігі бірлесіп «Байрағы биік байтағым» атты республикалық ақындар мүшәйрасын жариялайды.

Мүшәйраға биыл Жошы ұлысын ұлықтау мақсатында Ұлық Ұлыстың 800 жылдығына арналған өлең, толғау, баллада, поэма жазған ақындар қатыса алады. Қаламгердің жасына шектеу қойылмайды. Бәйгеге қатысатын шығарма еш жерде жарияланбаған, еш әдеби байқауларға қатыспаған болуы шарт! Шығармаларды qalamger_astana@mail.ru поштасына жібере аласыздар. Ақынның қысқаша өмірбаяны, суреті және өлеңдерді қосып жолдайсыздар. Бәйгеге қатысатын шығармаларды 1 шілдеге дейін қабылдаймыз.

Бәйге жиынтығы төмендегідей:

Бас жүлде – 1, жүлдесі – 3 300 000

Бірінші орын – 1, жүлдесі – 2 200 000

Екінші орын – 2, жүлдесі – 1 100 000

Үшінші орын – 3, жүлдесі – 660 000

Ынталандыру – 5, жүлдесі – 330 000