3-9 маусым аралығында ТМД, Балтық және Грузия елдерінің V Жастар театр форумы өтеді. Мәдени астанамыз Алматы қаласына 9 елден: Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан 35 жасқа дейінгі 200-ден астам режиссерлер, драматургтер, актерлер, сценографтар және театр сыншылары келеді.
Форумның басты мақсаты – театр әлеміндегі мәдени байланыстарды сақтау және дамыту, жас театр көшбасшыларын анықтау және біріктіру, осылайша ТМД елдерінің шығармашылық жастарының мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастығының нысандарын кеңейтуге ықпал ету.
Жоба режиссура, драматургия, сценография және театр саласындағы дарынды, болашағынан үміт күтетін жас мамандарды біріктіретіні анық. Осылайша, ТМД елдерінің мәдениет және өнер саласындағы шығармашылық жастарының ынтымақтастық нысандарын кеңейтуге ықпал ететіні сөзсіз.
Форум кезеңінде білім беру бағдарламасы аясында шет елден келген режиссерлер мен драматургтер, кәсіби театр мамандары шеберлік сыныптарын ұсынады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram