Басты бет » Жаңалықтар » Балабақша бүлдіршіндері көлік жүргізушілеріне хат таратты

Балабақша бүлдіршіндері көлік жүргізушілеріне хат таратты

Бүгін «Назар аударыңыз балалар!» атты республикалық акция аясында «Тұмарым» балабақшасының бүлдіршіндерімен «Жүргізуші, бізді сақтаңыз!» іс-шарасы өтті. 

Орал қалалық Полиция басқармасының ЖПҚб мен Орал қ. ПБ ППБ ұйымбастырған шара барысында балабақша бүлдіршіндері инспектор қызметін атқарды.

Орал қ.ПБ ЖПҚб аға инспекторы полиция майоры Динара Абдулқалықова:

— Жалпы, инспекторлар жүргізушілерге түсінік жұмыстарын жүргізіп, жол жүру ережесін бұзса айыппұл салынады, бұл күнгі іс-шарада балабақша тәрбиеленушілері көлік жүргізушілеріне өз қолдарымен салған суреттерін, жазған хаттарын табыстайды, — дейді.

Акция кезінде Орал қаласындағы «Тұмарым» балабақшасының бүлдіршіндері Біз әлі кішкентаймыз және жол ережесін үнемі есте сақтай бермейміз, сондықтан жолда абай болуыңызды сұраймыз!

 Аулаға кірген кезде жылдамдықты азайтыңыз, себебі біз ойнап жүріп жолдағы қауіпті жағдайды түсінбеуіміз немесе өтіп бара жатқан көлікке дұрыс әрекет етпеуіміз мүмкін.

Жылдамдықты азайту арқылы сіз екеумізге де әрі қарай бақытты өмір сүруге мүмкіндік бересіз.

Жүргізуші, кез келген көлік құралын жүргізген кезде, абай болып жол қозғалысы ережесін бұзбаңыз және үнемі есіңізде сақтаңыз!

Сізді үйде жақын жандарыңыз күтуде!

Балақайлар жүргізушілерге осындай жазбалар жазылған хаттарын жолдады.

Сондай-ақ «Тұмарым» балабақшасы тұсында және Әбілқайырхан даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер өтпесі тұсына «Баланы қолыңызға көтеріңіз» деген жазулар асфальт үстіне басылды. Одан әрі іс-шара соңында балалар «Жүргізуші, бізді сақтаңыз!» деген тіркесті бірауыздан хормен айтып, бейбітшілік, көк аспан және күннің символы тектес көк және сары түсті әуе шарларын аспанға ұшырды.

Орал қ.ПБ