Бұл бастаманы Димаштың «Mahabbat Ber Magan» композициясын қазақ тілінде орындаған 21 елден келген 98 жанкүйері қолдады. Шығарманың аранжировкасы мен сүйемелдеуін Ольга Попова дайындаса, Олжас Құрманбек музыкалық сүйемелдеуді қобызда ойнау арқылы толықтырды, деп жазды dimashnews.com порталы.
Фото: dimashnews.com-нан видеодан алынды
Әрбір хор мүшесі әннің сөзін қазақ тілінде жаттап алып, аудиосын жазып, жазбаны мақұлдаған соң бейнежазбаны жіберуі керек болатын. Хористер мен жоба координаторлары бұл туындыны жасау үшін бірнеше ай бойы ерінбей еңбек етіп, үлкен жұмыс атқарды.
Хорға 7 ақпаннан бері Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америка, Еуропа және Азия елдерінен Димаштың жанкүйерлері дайындалып, соның негізінде жобаға қатысты. Ұйымдастырушылар жобаға қосқан үлесі үшін қобызшы Олжас Құрманбекке және осы ауқымды жобаның басты бастамашысы әрі жетекшісі болған поляк Димаш фан-клубының өкілі Агнешка Члапқа ерекше алғыстарын білдірді.
Dimash FC Poland фан-клубының администраторлары: «Әніміз барлығына ұнайды және Димаш Dears-ты мақтан тұтады деген үміттеміз», – деп бөлісті.
Жауап ретінде Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне қолдау көрсетіп, туған тілі мен Қазақстанның мәдениетіне деген сүйіспеншіліктері мен құрметтері үшін шексіз алғысын білдіреді.
Видеоны көру үшін сілтемеге өтіңіз: http://https://www.youtube.com/watch?v=q1eAz5Y2owk