«Яндекс Такси», «Glovo» сияқты платформалар арқылы жұмыспен қамтылған адамдардың қызметін реттейтін, жеңілдететін заң қабылданды. 

Фото: https://kaztag.kz/

Ол қандай өзгерістер?

Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, енді олар жалпы алғанда 4% көлеміндегі төлемдерін аударып жұмыс істей алады. Сәйкесінше, зейнетақы қорына 1%, әлеуметтік сақтандыру қорына 1%, МӘМС-ке 1% және бюджетке салық ретінде 1% төлейтін болады. Егер қаласа, өз зейнетақы шотына белгіленген 1% емес, 10%-ды да аударуға, сондай-ақ Әлеуметтік сақтандыру қорына 1% емес, одан да көп аударуға рұқсат.

– Бұл, басқа бағыттарда жұмыс істейтін азаматтар төлейтін аударымдармен салыстырғанда, әлдеқайда төмен. Интернет-платформалар арнайы салық режимін пайдаланып, сол платформада тіркелген жеке кәсіпкерлердің кірістерінен салықтар мен жарналарды автоматты түрде ұстап, аударатын болады, – дейді Асхат Аймағамбетов.

Бұл шешімдер осы платформалар арқылы жұмыспен қамтылған адамдардың көленкелі нарықтан шығуына және осы жарналарын төлеу арқылы әлеуметтік кепілдіктер (медициналық сақтандыру) мен қызметтер алуына мүмкіндік береді деп күтілуде.