«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының волонтерлері қарғын судың зардабын тартқан аймақтарда белсенді қызмет атқарып жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты су басқан ауылдарға гуманитарлық көмек жеткізілді.
«Жастар Рухы» және «Dauletten» ҚҚ волонтерлері СҚО, Есіл ауданының Петровка, Николаевка ауылының тұрғындарымен кездесіп, қазіргі жағдайды біліп қайтты.
Республикалық волонтерлер штабының мүшесі «Dauletten» қоғамдық қорының қолдауымен эвакуацияланған тұрғындарға керекті заттар – көрпе-төсек, киімдер мен гигиеналық заттар және азық-түлік табысталды.
Сондай-ақ Қызылордадан 40 тонна гуманитарлық көмек Қостанай облысына жетті.
Көмекті «Жастар Рухы» жастар қанатының волонтерлері түсіріп, қарғын судан зардап шеккен азаматтарға арнайы көмек сөмкелерін дайындады.