Еліміздің көптеген аймағында орын алған қарғын судың қарқыны әлі сейілмей тұр. Алдағы күндерге болжам бойынша да қауіптің бары айтылуда. Осынау қиын шақта ел болып ұйысып, көмек қолын созуда. Әнші Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желіде қазақстандықтарға бейнеүндеу жолдап, қайырымдылық мақсатында Asar Ume қорына 1 000 000 теңге көлемінде қаражат аударғанын айтты.
«Елімізде бұндай табиғи апат бұрын-соңды болмаған. Бұндай қиын кезеңдерде бір бірімізге қол ұшын беріп, демеу болайық. Суға кеткен өңірлерде құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан Азамат пен Азаматшаларға мың алғыс! Гуманитарлық пен қаржылай көмек көрсетіп жандарға Алла разы болсын!
Біздің отбасы да өз үлесін қосып, Каспий банк арқылы 1.000.000 теңге @asarume_kz аудардық! Бұл тек бастамасы, қолымнан келгенше, әлде де көмек беруді тоқтатпаймын, жалғастырамын. Аллам Қазақстанның әр өңірін табиғи апатынан сақтасын!», – деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram