Басты бет » Жаңалықтар » БҮРКІТШІ ҚЫЗ АРУЖАН АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

БҮРКІТШІ ҚЫЗ АРУЖАН АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Сәтбаев университетінің Ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша 3-курс студенті Аяжан Даниярқызы құсбегілік өнермен, яғни бүркітпен аң аулау өнерімен айналысады. 

Фото qusbegi_qyz парақшасынан алынды

Құсбегілік – қазақ даласына кең тараған көне ұлттық спорт түрінің бірі. Үлкен жыртқыш құстың алпамсадай денесі мен қуатты тұмсығының күші, сондай-ақ қазақтың ұлттық мәдени мұрасымен байланыс бүркітпен аң аулау рәсімін өте қызықты іске айналдырады. Осыған орай Қазақстанның барша қыздарына қыран құстың күш-қуатын, аспанда қалықтап ұшқан еркіндігін және кең даладай құдіретті шабытын тілейміз! Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Видео Ғылым және жоғары білім министрлігінің телеграм арнасынан алынды