Басты бет » Жаңалықтар » Димаштың шет елдердегі жанкүйерлері Қазақстанға көмектесіп жатыр

Димаштың шет елдердегі жанкүйерлері Қазақстанға көмектесіп жатыр

Танымал әнші Димаш Құдайберген желідегі парақшасында әлемнің түкпір-түкпірінен Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберіп жатқан жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп жазады oimaqnews.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Маған «әлемнің әр еліндегі жанкүйерлерім су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр» деген ақпарат жетті. Осындай қысылтаяң кезеңде қолдау көрсеткен жандарға алғысым шексіз. Сүйем сіздерді! – деді Димаш.