Басты бет » Жастар үні » Ауылға барған жас дәрігерге 8,5 миллион теңге берілмек

Ауылға барған жас дәрігерге 8,5 миллион теңге берілмек

Ауылға еңбек етуге баратын жас дәрігерлерге бірреттік ең төменгі жалақының 100 есе көлемінде көтермеақы төленетін болды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. 

«AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасының шеңберінде біз ауылға баратын жас мамандарға, соның ішінде бір медицина қызметкеріне 100 ең төменгі жалақы мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем төлеуге қаржы бөлдіру туралы уәде берген болатынбыз. Ал бұл көрсеткіш бізде биылдан бастап 85 000 теңге боп өскенін ескерсек, көтермеақының жалпы сомасы – 9 миллионға жуық ақша болмақ. Ең төменгі жалақыға байлап отырғанымыз өте маңызды, өйткені бұл сома алдағы жылдарда бұдан да өсе түсуі әбден мүмкін. Біздің мақсатымыз – медицна саласындағы мамандарды қолдау, ауылдағы денсаулық саласын дамыту және кадр жетіспеушілігін шешу. Одан бөлек, «Дипломмен ауылға» көтермеақысы бар, басқа да жеңілдетілген несиесі бар, олардың бәрін ешкім алып тастаған жоқ. Бұл ауыл үшін де, жас маман үшін де үлкен жетістік болмақ. Ендеше «AMANAT» партиясы өз уәдесін орындады деп сеніммен айта аламын», – дейді Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов.

Сурет: https://atr.kz

Бұл ретте дәрігер 5 жыл сол жерде жұмыс істеуі керек. Басты мәселе – ауылға мықты мамандарды тарту және соған ынталандыру. Қазірдің өзінде өз мамандығында 3 жыл істеу талабы бар. Ең төменгі жалақы мөлшері де жыл сайын арта береді.
Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында «Үздік маман» республикалық конкурсының жеңімпаздарына біржолғы 500 АЕК төленеді.

Денсаулық сақтауды дамытудағы жетістіктері мен ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы беріліп, 1000 АЕК төлем төленеді. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды.