Басты бет » Жастар үні » Табиғат пен ғылымды ұштастырған ғалым

Табиғат пен ғылымды ұштастырған ғалым

Ғылым – кез-келген саланы дамытатын қозғаушы күш. Ғылым дамыса, ел экономикасы өсетіні анық. 

Оңтүстік өңірдегі оқу орны – Дулати университеті ғалымдағы жетістіктері аз емес. Дулати университетінің PhD докторы, аға оқытушысы Дәулет Егембердиев БиоМелиорант деген бірегей биотыңайтқыш ойлап тапқан. Бұл тыңайтқыш тозған, соры шыққан жерді қалпына келтіріп, өнімділікті арттырады. Дәулет инновациялық препаратты ойлап тауып қана қоймай, өндіріске енгізді.

Бүгінде ауылшаруашылық саласында ғалымның ойлап тапқан тыңайтқышы кең қолданысқа ие. Жас ғалым «BioMeliorant» табиғи инновациялық тыңайтқыштың 40-тан астам түрін шығарады. Тыңайтқыш құрамындағы оңай еритін түрдегі (бактерлік қоспа): азон (N), фосфор (Р), калий (К), мыс (CU), марганец (Mn), бор (В), натрий (Na), күкірт (S), темір (Fe), молибден (Мо), гумин қышқылдарының тұздары өсімдік үшін маңызды элементтер болып табылады. Дәулет Егембердиев 2023 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Ғылым» бағыты бойынша жеңімпазы атанып, марапатталған. Сондай-ақ «Үздік жас өндіріс саласының маманы» атанды. Жас ғалым шетелдік инвесторлармен тығыз жұмыс жасап, көптеген жобаларды қолға алып, жүзеге асыруда. Биотыңайтқышпен қатар, жануарларға арналған дәрумен жасауды қолға алып келеді.