Басты бет » Жаңалықтар » Сенатор Қазақстан тарихы оқулықтарын қайта жазуды ұсынды

Сенатор Қазақстан тарихы оқулықтарын қайта жазуды ұсынды

Сенатор Дархан Қыдырәлі Қазақстан тарихы оқулықтарын қайта жазуды ұсынды, деп жазды atamekenbusiness_qaz телеграм арнасы.

 

Ол биылғы жылы аяқталатын Қазақстан тарихы бойынша көп томдық ұлы Жошы хан туралы да тың деректер береді деп үміттенеді.

«Мектеп оқулықтары осы көптомдық негізінде қайта жазылғаны абзал. Онда Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс. Сонымен қатар оқулықтарға қазақ мемлекеттігінің бастаулары туралы да соны деректер енгізу керек. Мәселен 6-7 сыныпқа арналған оқулықта Моғолстан мемлекетіне 1 параграф, 10-сыныпқа арналған оқулықта 4-5 жол ғана арналған. Ал осы Моғолстан жерінде Шу бойында Қазақ хандығының негізі қаланғаны белгілі», – деді сенатор.