Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына арналған VI халықаралық «Айматов және театр» атты театр фестивалі өтті.Бәсі биік өнер додасында 6 мемлекеттен 14 қойылым сахналанды. Фестивальде астаналық Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры қойған «Боранды бекет» қойылымы Бас жүлдеге ие болды. Шыңғыс Айтматовтың аталған шығармасын Шерхан Мұртаза қазақ тіліне аударған. Спектакльді сахналаған режиссер – Уланмырза Карыпбаев.
Ал «Боранды бекет» қойылымында Едіге рөлін сомдаған актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нартай Сауданбекұлы «Ең үздік ер адам рөлі» марапатын иеленді.