Басты бет » Жаңалықтар » «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» дәстүрлі жалпыұлттық байқауының ақтық кезеңі өз мәресіне жетті. 

Алаш идеясы мен мұрасын насихаттауға және қазіргі қоғам контексінде саралауға арналған сайыста 18 бен 35 жас аралығындағы 200-ге жуық үміткердің ішінен 4 номинация бойынша үздік атанған 14 үміткер бақ сынады.
Ақтық кезеңге өткен жас зерттеушілердің ғылыми жұмыстарын тыңдауға «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Ақ жолдың» Мәжіліс депутаттары Берік Дүйсембинов (VI-VII шақырылым), Қазыбек Иса, Асқар Садықов, Ержан Бейсенбаев, партияның орталық аппаратының басшылығы қатысты.
Байқауға төрағалық етіп, модератор болған Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., алаштанушы Қайырбек Кемеңгер.
Жас зерттеушілердің еңбектеріне «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, алаштанушы Дихан Қамзабекұлы, «Алаш» мәдени және рухани даму институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жүсіп Сұлтан Хан Ақұлы, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік Комиссияның Жобалық кеңсесінің сарапшысы, қауымдастырылған профессор, Жаһанша Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының президенті алаштанушы Сүлейменова Дәметкен, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, алаштанушы Қайрат САҚ, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Түркітану кафедрасының профессоры, алаштанушы Амантай Шәріп, Астана Халықаралық университетінің профессоры, алаштанушы Қанат Өскембай, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Сағымбай Жұмағұл, Астана Халықаралық университетінің профессоры, т.ғ.к, алаштанушы Қанат Өскембайлар әділ бағаларын берді.
Байқау барысында зерттеушілер көтерген тақырыптар бойынша қатысушылар мен қонақтар арасында қызу пікірталас орнады. Әділ-қазылар алқасы жас зерттеушілерге байқаудың салаларына қатысты түрлі сұрақтар қойып, қатысушылардың біліктілігін бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша:
«Алаштың әлеуметтік-саяси идеясы және оның қазіргі Қазақстандағы сабақтастығы» номинациясында үздік атанған:
I орын — «Астана» халықаралық университеті, Әлеуметтік-гуманитарлық жоғары мектебі факультетінің 3 курс студенті Ақансері Қазақбай;
II орын — Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті «Ғылыми тарих» мамандығының 2 курс студенті Дарын Жахангер;
III орын — Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі «Бастауыш білім беру» мамандығының 4 курс студенті Ақгүл Жеңісханқызы.


«Алаштың рухани-ағартушылық қызметі және ұлттың оянуы» номинациясы бойынша:
I орын — Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің 3 курс студенті Рашид Кемелбек;
II орын — Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушысы Әсем Өскен;
Үшінші орын екеу болды. Оның ішінде:
III орын — Ақтау қаласы № 11 лицейі тарих пәнінің мұғалімі Лиза Конбаева;
III орын — Қызылорда қаласы Байұзақ Ермекбаев атындағы № 271 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Гайнегүл Аймыратова;
«Алаш қайраткерлерінің экономикалық көзқарасы және кәсіпкерлікті дамыту» номинациясы бойынша:
II орын — Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Филология факультеті, «Қазақ филологиясы» мамандығының 3 курс студенті Гүлнұр Сапарова;
Екі үшінші орынды бөліскен:
III орын — Е.Букетов атындағы Қарағанды университеті Биология-геогарфия факультеті «География-тарих» мамандығының 1 курс студенті Нұрғасыр Теміржан;
III орын — І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Талшын Касенова;
«Алаш тарихындағы «Ақтаңдақтар» номинациясы бойынша:
I орын — Астана қ. Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жауынбай Жылқыбайұлы;
II орын — Семей қаласының Шәкерім атындағы университеті, Филология факультеті, Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушысы Райымбек Өмірбаев;
III орын — Алматы қаласы химия-биология бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» 11 сынып оқушысы Даниал Айдаров алды.