Басты бет » Жаңалықтар (страница 97)

Жаңалықтар

Ойыншық неге құбыжыққа айналып барады?

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті еліміздегі 1 499 ойыншық үлгісі тексеріп, оның 706-сы қауіпті екенін анықтады. «706 үлгі «Ойыншықтар қауіпсіздігі туралы» ережеге сәйкес келмейтіні анықталды. Олардың ішінде 9 Қазақстанда (1,3%), 59-ы Еуропа экономикалық одағында (8,4%), 638-і өзге елдерде (90,3%) жасалған», – делінген комитет хабарламасында. Санитарлық-химиялық тексеріс нәтижесінде 23 үлгіде ксилол, бензол, фенол, гептан, формальдегид және этилацетат секілді қоспалардың шамадан тыс көп екені ...

Толығырақ »

«ЗИЯТКЕР ОТБАСЫ» қалалық отбасылық интеллектуалдық байқауы өтті

7 қазан күні Астана қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы, Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы  №85 мектеп-лицейімен бірлесіп «ЗИЯТКЕР ОТБАСЫ» атты қалалық отбасылық интеллектуалдық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін және қазақ тілінің құндылықтарын насихаттау, «Үлгілі жанұя» модельдерін құру, ата-ана мен бала  қарым-қатынасын жетілдіру. Ұйымдастырылып отырған бұл байқауға Астана қаласының Білім беру ұйымдарының 7-9 сынып оқушылары және ...

Толығырақ »

Президент ұлтты ұйыстыратын 7 қағиданы атады

Мемлекет басшысы ұлтты ұйыстыратын жеті қағиданы айқындады: Бірінші. Тәуелсіздік бәрінен қымбат. Екінші. Елдіктің негізі – жеріміздің тұтастығы. Үшінші. Мемлекет мүддесі – қастерлі құндылық. Төртінші. Рухани үндестік – бірліктің бастауы. Бесінші. Заңдылық пен тәртіп – өркениетті ел болудың кепілі. Алтыншы. Жасампаздық – жаңару мен жаңғыру жолы. Жетінші. Достық пейіл, мейірімділік және жанашырлық – ең асыл қасиеттер.   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: ...

Толығырақ »

Қ.Тоқаев: Жастардың өршіл идеялары мен ерік-жігері – Қазақстанды дамытатын басты күш

Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде білім беру ісіне баса назар аудару, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүйелі жүзеге асыру турасында, сонымен қатар жастардың елде еңбек етуіне, ел дамуына үлес қосуына мүмкіндік туғызу жайын сөз етті.    «Біз барлық баланың сапалы білім алуына жағдай жасауымыз керек. Осыған байланысты мен Жолдауда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды ұсындым. Бұл бастаманың аясында Павлодар облысында алдағы 3 ...

Толығырақ »

Елорда көшелерін ерекше робот аралап жүр

Астана көшелерін Бакош есімді ерекше робот аралап жүр. Ол қала тұрғындарымен сөйлесіп, балалармен ғана емес, ересек адамдармен де қызықты сұхбаттасып, көңіл күйлерін көтеруде. Көшедегі және саябақтардағы адамдарға жақындап, әңгіме айтып, өзін таныстыруда. Ал тұрғындар оған таңданып, тіпті тосыннан келген сәтінде қорқып жатқандары да бар. Роботты кім жасап шығарғаны және қалай басқарып отырғаны қызық. Бакош роботтың айтуынша, оны ағасы жасап шығарған. ...

Толығырақ »

Ұшақ тізгіндеген Қайсар

Ұшқыш болу, яғни ұшақ тізгіндеу, аспан кеңістігін бағындыру – әркімнің батылы жете бермейтін аса күрделі әрі жауапты кәсіп. Міне, осы жолда еңбек етіп жүрген Қайсар сынды жігерлі де қайсар жастарымыз бар. Бүгінгі әңгімеміз «Air Astana» әуекомпаниясының ұшқышы Қайсар Құсинов туралы болмақ. Қайсар – Ақтөбе қаласының тумасы. Қазақ-түрік лицейінің түлегі. Бала күнінен білімге, ізденіске құштар боп өсті. Мектеп бітіргеннен кейін 2011 ...

Толығырақ »

Бүгін – қазақ батыры Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшқан күн

1991 жылы 2 сәуірде қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.  Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы маусымның 27-інде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, «1-інші май» ұжымшарында дүниеге келген. 1969 жылы Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары ...

Толығырақ »

Жайлы әрі қауіпсіз балабақша

Оқу-ағарту министрлігі Мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейтетін бұйрықты қабылдады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде жазды. Енді мемлекеттік тапсырыс балаларға қолайлы және қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған жаңа ережелер бойынша орналастырылады. Бұйрықтың негізгі тармақтарына тоқталып өтейін. 1. Мемлекеттік тапсырыс алғысы келетін барлық балабақшаға қосымша талаптар енгізілді. Олардың ішінде: — өртке және терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ...

Толығырақ »

Үздіктердің ұстазы

Қарағандылық ұстаз беделді халықаралық олимпиадалардың 10-нан астам жеңімпазын тәрбиелеп шығарды. Ол туралы Оқу-ағарту министрлігінің бсспасөз қызметі жариялады. Ұстаз Саматов Абылай Маранұлының мұғалім қызметін атқарып келе жатқанына 11 жыл болды, ол мектепте химия пәнінен сабақ береді. Осы уақыт ішінде ұстаз халықаралық интеллектуалдық сайыстардың 10-нан астам жеңімпазын тәрбиелеп шығарды. Биыл оның шәкірттерінің бірі Мадияр Қасымәлі химиядан беделді IChO халықаралық олимпиадасында алтын медаль ...

Толығырақ »

Президент: Балалар оқулыққа толы ауыр сөмке арқалап жүруге мәжбүр

Сурет: https://kz.otyrar.kz/  Реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысында Президент білім алу үшін дұрыс жағдай жасау мемлекеттің аса маңызды міндеті екенін атап өтті. «Балалар оқулыққа толы ауыр сөмке тасуға мәжбүр деген шағымдар көптеп түседі. Бұл балалардың денсаулығына кері әсерін тигізетіні анық. Сондықтан оқу материалдарын цифрлы форматқа ауыстыруды жеделдету қажет деп санаймын», — деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. @qazaqstantv

Толығырақ »