Парижде өтіп жатқан Паралимпиадада пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтыннан алқа тағынып, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. 54 келі салмақ дәрежесіндегі параспортшымыз Токио паралимпиадасында да жеңіс тұғырына көтерілген болатын.
Сондай-ақ кеше парадзюдошымыз Ақмарал Науатбек да Паралимпиада ойындарының чемпионы атанып, алтын алды.
48 келі салмақта бақ сынаған Ақмарал финалда француздық қарсыласы Сандрин Мартинені айқын басымдықпен жеңді.
Сондай-ақ бүгін тағы бір параспортшымыз Дастан Мұқашбеков қола медаль еншіледі. Ол ядро лақтырудан F36 санатында бақ сынап, 16 метр көрсеткішке қол жеткізді. Ал екінші күміс жүлдені 100 метрге брасс тәсілімен жүзуден Нұрдәулет Жұмағали еншіледі.
Нұрдәулет Токио олимпиадасында қола жүлде жеңіп алған болатын.
Осылайша, еліміз әзірге екі алтын, екі күміс және бір қола медаль еншіледі.