ІІМ түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz. – Құрметті ата-аналар мен түлектер! 25 мамырда еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаттары өткізіледі. Салтанатты іс-шаралар барысында полиция органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайтын болады. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді. Патрульдік нарядтар іс-шаралар ...
Толығырақ »Жаңалықтар
Қазақ тілін білмейтіндерге азаматтық берілмейді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заңға енгізілген өзгерістің кейбіріне тоқталсақ, аталған құжатта Қазақстан азаматтығын беруден және қалпына келтіруден бас тарту үшін кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасау, қарапайым деңгейде мемлекеттік тілді білмеу, Қазақстан Конституциясының негіздерінен, ғылым және ...
Толығырақ »TOU СТУДЕНТТЕРІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ОЙЫНДА ҮЗДІК АТАНДЫ
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен адамгершілік қағидаттарын қалыптастыру мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бастамасымен елімізде «Антипаракрафт-2024» республикалық крест өтті. Квест финалы Көкшетау қаласында Уәлиханов университетінің базасында өткен ойын түріндегі шараға отандық жоғары оқу орындарынан 20 студенттік команда қатысты. Зияткерлік ойын жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен адамгершілік қағидаттарын қалыптастыру мақсатында өткізілді. Павлодар облысының намысын қорғаған ...
Толығырақ »Жалдамалы баспананы сатып алуға мүмкіндік беріле ме?
Жастар – қоғамның қозғаушы күші, еліміздің ертеңі. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету мемлекет міндеттерінің басым бағыттарының бірі. Жастар елдегі оқиғалардың бел ортасында жүр. Елімізде орын алған төтенше жағдайларда да төбе көрсететін де жастар, қолдаушылар да жастар. Ал бізде Үкімет тарапынан жастарға тиісті деңгейде көңіл бөлініп жатыр ма? Ең басты қажеттілік баспана мәселесі де шешімін таппай отыр. Осы мәселені көтерген бір топ ...
Толығырақ »Атырауда 8-сынып оқушысы өрттен үш адамды аман алып қалды
Атырауда №12 мектептің сегізінші сынып оқушысы Айдын Мұрат өрт шыққан көпқабатты үйден үш адамды құтқарып қалд, деп хабарлайды Jastar janary порта Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Фото: AtyrauPress Ол құлыптаулы пәтердің есігін бұзып кіріп, сегіз жасар баланы алып шыққан. Сонымен қатар басқа пәтердегі екі зейнеткерді де аман алып қалған. Оқушы пәтер есігін ашу оңай болмағанын айтты. Көршілер әкеп берген балғаның ...
Толығырақ »Эльбрус шыңын бағындырған альпинист жетістігін Салтанат Нүкеноваға арнады
Қазақстандық альпинист Сапфира Қанаева Еуропаның ең биік нүктесі – Эльбрус тауына сәтті көтерілді. Ол тау басына шыққан жетістігін Салтанат Нүкенованың рухына арнады, деп жазды kazinform.kz. Фото: Сапфира Қанаеваның видеосынан кадр Сапфира Қанаева жақында елге оралып, алғашқы әсерімен бөлісті. Тәжірибелі альпинистерден құралған команда өз жолын 3 мамыр күні таңертең бастап, оның шыңына бірнеше сағаттық қажырлы еңбектен кейін жетті. Қатысушылардың айтуынша, ауа ...
Толығырақ »Есірткі таратқан кәмелетке толмаған 19 бала ұсталды
Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін кәмелетке толмаған 19 бала ұсталды. ІІМ ата-аналарға үндеу жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz. – Кез келген отбасы есірткі құрығына тап болуы мүмкін. Жыл басынан бері 19 жасөспірім есірткі қылмыстары үшін ұсталды. Жастар есірткі таратудың және жарнамалаудың құқықтық салдары туралы білсе де, олардың кейбірі есірткінің заңсыз айналымынан бас тартар емес. Нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруда отбасының ...
Толығырақ »Қасым-Жомарт Тоқаев туралы не білеміз?
Бүгін еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Осы орайда Kaktakto Мемлекет басшысы туралы мынадай деректер ұсынған: Қасым-Жомарт Тоқаев зиялылар отбасында дүниеге келген. Әкесі — Кемел Тоқаев – Қазақстандағы детективтік жанрдың негізін қалаған, белгілі қазақ жазушысы. «II- дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені» және қос «Батылдығы үшін» медалін өңіріне таққан майдангер. Анасы – Шабарбаева Тұрар – педагогикалық жоғары оқу орнының оқытушысы, халықаралық-лингвист. ...
Толығырақ »«JAS GALA» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
АЛМАТЫДА «JAS GALA» ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» ҚҚ ұйымдастырған Алматы қаласының шығармашыл жастары арасындағы «Жас Гала» фестивалі өз мәресіне жетті. «Алатау» дәстүрлі өнер театрында қалалық студенттік көктем фестиваль жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Фестиваль Алматыдағы ЖОО және колледж студенттерінің басын қосты. Бір айдан аса уақыт аралығында студенттер вокал, хореография, мобилография, аспаптық орындау ...
Толығырақ »Ұлттық музейде «Музей түні» өтеді
18 мамырда сағат 18:00-00:00 аралығында Астана қаласындағы Ұлттық музейде халықаралық музейлер күніне арналған «Музей түні» өтеді. Аталған акциясы аясында «Музей – құндылықтар мекені» атты мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылады. Мақсаты – рухани-мәдени құндылықтарды, халқымыздың тарихын, мәдениетін бір кеңістікке біріктіре отырып, әртүрлі жанр мен стильдегі өнер туындыларын ұсыну. Музей қызметін, ондағы экспонаттар мен жәдігерлерді кеңінен насихаттау. 18 мамыр таңғы сағат 10:00-нан бастап «Балдырған ...
Толығырақ »