Басты бет » Жаңалықтар (страница 67)

Жаңалықтар

Паралимпиада: Қазақстан қоржынында 9 медаль

Қазақстан спортшылары Паралимпиада ойындарын жақсы нәтижемен аяқтады. Отандастарымыз 9 медаль еншіледі. Париж төрінде екі мәрте әнұранымыз әуелеп, көк туымыз желбіреді. Үш күміс, төрт қола қоржында. Құтты болсын! Алтын жүлде:  Давид Дягтерев (пауэрлифтинг); Ақмарал Науатбек (дзюдо). Күміс жүлдені Еркін Ғаббасов (нысана көздеу); Нұрдәулет Жұмағали (жүзу); Ерғали Шамей (дзюдо) еншіледі. Ал Дастан Мұқашбеков (ядро лақтыру); Даяна Федосова (дзюдо); Зарина Раифова (дзюдо); Жұрқамырза ...

Толығырақ »

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары салтанатты түрде ашылды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтті. Дүбірлі доданың ашылуында қазақ жерін мекен ететін түрлі этнос өкілдерінің балалары Қазақстан Республикасының Туын алып шықты. Бұдан кейін еліміздің Әнұраны шырқалды. Қалыптасқан дәстүр бойынша жарысқа қатысушы мемлекеттер спортшыларының шеруі өтті. Биылғы Көшпенділер ойындарына Азиядан, Еуропадан, Солтүстік және Оңтүстік Америкадан, Африкадан, сондай-ақ Австралиядан спортшылар келді. «Астана Арена» стадионында өткен шараға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, ...

Толығырақ »

Қазақстанда Отбасы күні тойлануда

Қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні тойланады. Мереке 2013 жылы бекітілген. Мерекенің негізгі идеясы – ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы мен неке ұғымдарына сүйіспеншілік тудыру. Биыл мерекенің жаңа тұжырымдамасы бекітілді. 2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтті. Аптаның әр күні отбасылық дәстүрлер, некені жоспарлау, ұрпақ саулығы, саналы ата-ана болу, отбасылық демалыс және басқа да тақырыптарға арналды. Республика бойынша ...

Толығырақ »

Ұлы дала жорығы не үшін керек?!

Аслан ҚАЖЕНОВ, журналист Басынан ашып айтайын, осы жобаның жарнамасы үшін бір тиын да алған жоқпын. Әйтпесе, қазір ақша бермесе ауызын қимылдатпайтын блогер көп қой. О баста «осындай жорықтың пайдасы шамалы», «әбден шаршайтын аттарға обал», «нағыз еріккенің ермегі» және «бюджетен неге ақша жұмсайды» деген алып-ашпа әңгіме көп болды. Шыны керек, бұл сауалдар мені де алаңдатты. Осы мақсатта биылғы жорыққа өз еркіммен ...

Толығырақ »

Арайлым ТҰРДАЛЫҚЫЗЫ, балалар психологы: Бала жасық болмасын десек, тәрбие дұрыс берілу керек

Бала – бауыр етің, баға жетпес байлығымыз. Бала тәрбиесіне аса ыждағаттылықпен қарау аса маңызды. Қазір психолог мамандар балаға көп көңіл бөлуді, ұрыспай, ұрмай тәрбиелеуді насихаттайды. Осы орайда біз бала тәрбиесіне қатысты сауалдарымызды психолог Арайлым Таргирқуловаға қойып, жауап алған едік. – Арайлым Тұрдалықызы, ата-ана балаға күнделікті баламен қалай сөйлесу керек? – Қазіргі кездегі балалар өте сезімтал болғандықтан, ата-анасынан көп көңіл бөлуін ...

Толығырақ »

«Отау» және «Наурыз» ипотекасы: шарттары өзгереді

Фото: shutterstock.com 16-25 қыркүйек аралығында «Отау» және «Наурыз» ипотекасы бойынша қосымша өтінім қабылдау өтеді. Осы екі ипотеканың операторы — «Отбасы банк», «Отау» бағдарламасына өзгеріс енгізіп, оны «Наурыз» бағдарламасының шарттарымен теңестірмек. Өзгерістер қандай? «Отау» бағдарламасы бойынша кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағылар үшін мөлшерлеме 9 %-дан 7 %-ға дейін төмендейді (ЖТСМ — 7.3-8.4 %). Өтінім бергенге дейін депозит ашуға болады. Бұрын «Отау» бойынша депозит мерзімі 18 айдан кем ...

Толығырақ »

Ауыл мектептері оқушыларының Республикалық пәндік олимпиадасы өтеді

4 қыркүйектен бастап ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша екінші Республикалық олимпиадаға тіркелу ашылды деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Өтініштерді қабылдау 2024 жылдың 20 қыркүйегіне дейін жалғасады. Олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушылары қатысады. Олимпиада төрт кезеңнен тұрады: I кезең (іріктеу) – 2024 жылдың қыркүйегі; II кезең (аудандық) – 2024 жылдың қазаны; III кезең (облыстық) – ...

Толығырақ »

Қасым-Жомарт Тоқаев: «2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын»

«Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе. Бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам. Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Адал әрі табанды ...

Толығырақ »

ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ: ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНДА ЕКІ АЛТЫН

Парижде өтіп жатқан Паралимпиадада  пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтыннан алқа тағынып, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. 54 келі салмақ дәрежесіндегі параспортшымыз Токио паралимпиадасында да жеңіс тұғырына көтерілген болатын. Сондай-ақ кеше парадзюдошымыз Ақмарал Науатбек да Паралимпиада ойындарының чемпионы атанып, алтын алды.  48 келі салмақта бақ сынаған Ақмарал финалда француздық қарсыласы Сандрин Мартинені айқын басымдықпен жеңді. Сондай-ақ бүгін тағы бір параспортшымыз Дастан Мұқашбеков ...

Толығырақ »

Мұрат Савельев: Жақында Қазақстанға ораламын деп үміттенемін

Белгиялық отбасы асырап алған Мұрат Савельев (Жәнібек) Қазақстанның көркем табиғатында атқа мініп нағыз көшпенділер сияқты жүрісі келетіндігін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. «Менің қымбатты достарым! Анам қайтыс болғанда, қолдауларыңыздан жылу сездім, менің ешқашан жалғыз қалмайтынымды тағы бір рет дәлелдедіңіздер. Жылы сөздеріңіз бен әдемі тілектеріңізді маған күш берді, рақмет«, – дейді Жәнібек. Ол жақын арада Қазақстанға келуге үміттенетінін және барша өзін қолдаушылармен ...

Толығырақ »