6 желтоқсанда Ұлттық музейде ҚР Қолөнершілер одағының мүшесі, халықаралық ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері, этнодизайнер Тілек Сұлтанның «Киелі кимешек» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының «Руханият» КММ қолдауымен «Қара Шаңырақ» ҚБ және ҚР Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен өтпек.
Көрме аясында ұлттық нақыштағы киімдер түрінен дефиле, ұлттық киімдердің ою-өрнегі, жас ерекшелігіне қарай қалай кию керектігі жайлы дәріс және кимешек кию мен шылауыш ораудан шеберлік сабағы өтеді.
Көрме экспозициясын Қазақстанның өңір-өңіріне тән көне кимешектер мен шебердің өз қолынан шыққан ұлттық баскиімдер құрайды.