Басты бет » Жаңалықтар (страница 27)

Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ, ҚАРА КИІМ КИМЕШІ!

  Қазақ қызы! Үстіңе қара киім кимеші. Басыңа қара орамал тартпашы. Оранбашы қараға! Көркем жүзіңді қарамен неге тұмшалайсың? Не көрінді сендерге? Неге адасып жүрсіңдер? Айналайын-ау, өз жұртыңның салт-дәстүрінен неге жерисің? Ұзын көйлек кигің келсе, етегі тобықтан түскен, ғажап, әдемі, кең тігілген көйлектер дүкендерде толып тұр емес пе? Басыңа орамал тартқың келсе де, небір ашық түстісін, сапалысын таңдап жүріп алуыңа болады. ...

Толығырақ »

Психологиялық тест: Қай алманы таңдайсыз?

Суреттегі алманың бірін таңдай отырып, төмендегі жауапты оқып көріңіз әрі психолог кеңесіне құлақ түріңіз.  Тест жауаптары: 1-АЛМА Қиындықты, бақытсыздықты салмақты қабылдайсыз. Басыңызды бұлт шала қалса кейбіреулер секілді еңсеңіз иіліп өмірден түңілмейсіз. Өмір алдыңызға тосқан тосқауылдан, сынақтардан оңай өте аласыз. Айналаңыздағы адамдардың пікірі сіз үшін – бос әңгіме. Өзіңіздің «адресіңізге» бағытталған жағымсыз пікір мен өсек сөзді елемейсіз. Психолог мамандардың болжауынша, мұндай ...

Толығырақ »

Димаш Қазақстанның халық әртісі атанды (видео)

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.   «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы отандық мәдениет қайраткерлері, театр және кино актёрлері Д.Ахимов, М.Токарев пен Д.Ақмолдаға, опера әншілері Ш.Абилов пен Т.Күзенбаевқа, әйгілі әншілер Р.Стамгазиев, Д.Құдайберген ...

Толығырақ »

Қожаға ұқсайтын жас көкпаршы (видео)

 «Менің атым Қожа» фильміндегі Қожаға қатты ұқсайтын шымкенттік Айқын Елубай «QAZAQSTAN» ұлттық арнасының «Таңшолпанға» қонаққа келді. Түрінен бөлек, мінезі де Қожадан аумайтын Айқын болашақта фильмге түсуді армандайды. Бір басына жетерлік өнері де баршылық. Ес білгелі ат құлағында ойнап жүрген ол көкпар тартып, бір-екі рет салым да салған. Тіпті, трактор да айдап, шөпке өзі жалғыз шыға береді екен. — Ауылда балалармен ...

Толығырақ »

Ғ.МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫНДА ЖАС РЕЖИССЕРЛЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

     Алматы қаласындағы іргелі өнер ошағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 1-6 қараша күндері аралығында І Республикалық жастар театрлары фестивалі өтпек. Еліміздің әр аумағынан жиналған отандық театрлар ең үздік режиссерлердің туындысын көпшілік көрермен қауымға ұсынбақ. «Қыз Жібек» қойылымы Қазақ театр өнерінде бағыт-бағдарын бағамдап, көпшіліктің өткір көзіне түсіп, өнердің өрелі көшін алға бастап келе жатқан театрдың бірі ...

Толығырақ »

Президент Қ.Тоқаев: Мен жас ұрпақтың жасампаздық қуатына сенемін

Мемлекет басшысы: «Жастар кез келген өзгеріске бейім болады. Әр нәрсені бойына тез сіңіреді. Мен сіздерді жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге шақырамын. Ұлы Абай айтқан бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болыңыздар. Сіздер дәріптеген құндылықтар қоғамда тез орнығады. Сіздер қолдаған өзгерістер жылдам жүзеге асады. Бәріміздің тілегіміз – бір, бұл – қоғамымызда жаппай әділеттік орнату. Ендеше, мақсатымызға бірге жетейік. Мен жас ұрпақтың жасампаздық ...

Толығырақ »

Президент Қазақ елін Республика күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еліміздің ең басты мейрамы – Республика күні құтты болсын! Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан күн. Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн. Халқымызда «Егемен болмай, ел болмас» деген сөз бар. Осыдан 33 жыл бұрын тарихи әділдік орнады. ...

Толығырақ »

 Ақмарал Науатбек Азиада чемпионы атанды

Пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек Ханчжоуда өтіп жатқан пара Азия ойындарының алтын жүлдесіне ие болды. Ақтық сында ол Қытай спортшысы Ли Личиннен басым түсті. «Жеңіс оңай келмейді, бірақ бүгін Ақмарал жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Мен Ақмаралды жарқын жеңісімен құттықтаймын және боз кілемдегі еңбегі үшін алғыс айтамын», – деді Туризм және спорт министрі Ермек ...

Толығырақ »

«Менің Елім – Менің Туым» акциясы ел бірлігін нығайтады

Мемлекеттік Туын насихаттауға арналған «Менің Елім – Менің Туым» акциясы Елімізде екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатыр. Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері ел аумағында 5 мыңнан астам Ту ілуді жоспарлап отыр. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күні ұлттық мереке мәртебесін иеленді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, ол Тәуелсіздік жолындағы алғашқы ...

Толығырақ »

«Кітап-AMANAT» оқырман мен баспагер арасындағы алтын көпір айналады

Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалында «Кітап-AMANAT» жобасы аясында кітап орталығы ашылды. Осы арқылы партия отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруды, адамдарды оқуға ынталандыруды, қазақстандық авторлар мен кітап шығарушыларға қолдау көрсетуді көздеп отыр. Іс-шараға партиялықтармен қатар, баспагерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Сөз басында «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек бұл іс-шараның мәні мен маңызына тоқталды. «Мемлекет ...

Толығырақ »