Павлодар қаласының көшелерінде ерекше рухтағы концерт өтті. Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкерлері мен ішкі істер органдарының ардагерлері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған тың бастама – «Ән салушы автобус» атты патриоттық шараны ұйымдастырды. Игі бастама аясында 22-бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушылары тосын сыйға куә болды. Погон киген вокалистер кенеттен автобусқа кіріп, соғыс жылдарындағы жауынгерлік рух пен сағынышқа толы әндерді шырқай бастады. Олардың ...
Толығырақ »Жаңалықтар
Ерлан Қарин «Алқа» жастар әдеби клубының отырысына қатысты
Шерхан ТАЛАП Бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің қатысуымен министрлік жанынан құрылған «Алқа» жастар әдеби клубының отырысы өтті. Таяуда «Ұлттық кітап» күні ашылған Oyorda – Ойлы жастар ордасында бейресми форматта еркін, ашық талқы болды. Ерлан Тынымбайұлы жақында отандық үздік 100 кітапты анықтауға арналған жаңа жоба басталғанын хабарлаған болатын. Осы жобаның жай-жапсарын, мәні мен маңызын кеңірек түсіндіріп, жас қаламгерлердің сауалдарына жауап берді. ...
Толығырақ »Биыл соңғы қоңырау ерте өтеді
Фото: qaz-media.kz Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23-ші немесе 24-ші мамырда өткізіледі», – делінген хабарламада. Барлық мектептер үшін соңғы оқу күні ретінде 23 мамыр бекітілген. Бұл күні ел мектептерінде «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі. Министрлік мәліметінше, биыл оқу ...
Толығырақ »Ұлттық нақыш – заманауи сән үлгісінде
Айдана Бақытжанова – «AQ Qurak» брендінің негізін қалаушы. Қызылорда облысы, Арал қаласының тумасы. Ақтөбе қаласындағы Құдайберген Жұбанов атындағы университеттің «Сән дизайнері» мамандығының 5 курс студенті. Сән мен сұлулықты үйлестірген жас маман ұлттық нақыштағы киімдерді нарыққа шығаруда, деп жазды «Ақмешіт жастары» желілік басылымы. Фото: aqmeshit-zhastary.kz – Айдана Әнуарбекқызы, сіздің жасаған киім үлгілеріңіз өте ерекше екенін байқадым. Бұл жұмыспен айналысқаныңызға қанша уақыт ...
Толығырақ »Міржақып Дулатұлы: «Қазақ жайлы»
Ілгері нөмерлерде Европа, Азия патшаларының жайынан һәм Россияның ішкі, тысқы істерінің жайынан қысқа-қысқа сөйлеп, аз да болса мағлұмат бергеннен кейін енді қазақ істері жайынан сөйлемекпіз. Қазақтың кемтігі, керегі көп. Кемтігін толтырып, керегін табуға істегені аз, тіпті жоқ. Біздің керегіміздің көбі бұрынғы күйімізде болмаған, осы күнгі жайымызға қарай керек болып тұрған нәрселер. (Сурет: egemen.kz) Бұрын бізге ғылым да, өнер де қажет ...
Толығырақ »Раушан Құдайбергеннің сырға салу рәсімінен бейнебаян жарияланды
Таяуда танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушанның «Сырғалым» атанғаны белгілі болды, деп жазды Jastar janary. Алдымен сүйіншілеген фотосурет тарап, артынша Раушан Құдайберген өзінің әлеуметтік желісінде сырға салу рәсімінен бейнебаян жариялады. Оқырмандары ақ тілектерін арнап, екі жасқа бақыт тілеуде. «Жүрегіңіздің иесі осы жігіт екен! Бағыңыз ашылсын, Раушан ханым! Бақытты болыңыздар!!!», «Саған дүниедегі бар жақсылықты тілеймін!», «Құттықтаймын ханшайым, бақытыңыз ғұмырлы болсын!» ...
Толығырақ »Шохан ҚҰЛНАЗАРОВ, актер: ҚУЫРШАҚТЫҢ ТЫЛСЫМ СЫРЫ БАР
Құлназаров Шохан Жалғасбайұлы 1994 жылы 9 тамызда Алматы облысының Іле ауданында дүниеге келген. Өнер жолындағы алғашқы қадамдарын 2010 жылы Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің актер шеберлігі бөліміне түсіп, «Қуыршақ театрының актері» мамандығын меңгерумен бастаған. Сол жылдан бері Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрында актерлік қызмет атқарып келеді. Шохан Жалғасбайұлы – жас та болса, өнер жолында жоғары талпынысымен танылған, ізденімпаз әрі өз ісіне ...
Толығырақ »Анель ПИМИЧЕВА: «Сөйле» клубында қазақ тілін ата-әжелерге де үйреттім
Бүгін елімізде үлкен мереке – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бір үйдің баласындай ынтымағы жарасқан көпэтносты халқымыздың туған еліне, өскен Отанына деген ықылас-пейілі ерекше. Татулық пен бірліктің нығаюына Қазақстан халқы Ассамблеясының да қосып отырған үлесі орасан зор. Біз бүгін «Жас жалын» айдарының кейіпкері – Қазақстан халқы Ассамблеясының белді мүшесі Анель Пимичева. Ол – түрлі этнос өкілдеріне мемлекеттік тілді үйренуіне орасан зор ...
Толығырақ »Атырауда ең кішкентай 5 жасар дирижер тұрады
Атырау облысы Исатай ауданынында бүлдіршіндерден құралған оркестр бар. Оркестрдің кішкентай өнерпаздарының ең үлкені 5 жасар, қалғандары 3-4 жастағы бүлдіршіндер. «Құлыншақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушісі Ясина Нәбеннің дирижерлік таланты көпшілікті сүйсіндірді. Ол оркестрге 3 жасынан бастап қатысып келеді екен. «Оның музыкалық шығармалардың екпініне, динамикалық ырғағына қарай қимыл қозғалысы, көзқарасы кәсіби мамандардан кем емес. Оның музыканы сезінуі таң қалдырады», – дейді музыка жетекшісі Шұға ...
Толығырақ »Жігер Ауыпбаевтың екінші рет шаңырақ құрып жатырғаны шындық па, пранк па?
Әлеуметтік желіде тараған танымал әнші Жігер Ауыпбаевқа қатысты бейнежазба елді елең еткізді. Қара нәсілді қызбен шаңырақ көтергелі жатырғаны, беташар болғаны айналып келгенде пранк болып шықты, деп хабарлайды Jastar janary.Бастапқы да әнші: «Мен үшін бүгін маңызды күн. Менің парақшамнан алыстамаңыздар», – деп жазады. Артынша белгілі журналист Анна Данченко Қытайдан арнайы Жігер Ауыпбаевтың шақыртуымен беташар тойға келіп оның пранк болып шыққанын айтты. ...
Толығырақ »