Шерхан ТАЛАП
Бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің қатысуымен министрлік жанынан құрылған «Алқа» жастар әдеби клубының отырысы өтті.
Таяуда «Ұлттық кітап» күні ашылған Oyorda – Ойлы жастар ордасында бейресми форматта еркін, ашық талқы болды. Ерлан Тынымбайұлы жақында отандық үздік 100 кітапты анықтауға арналған жаңа жоба басталғанын хабарлаған болатын. Осы жобаның жай-жапсарын, мәні мен маңызын кеңірек түсіндіріп, жас қаламгерлердің сауалдарына жауап берді.
Әрине, бұл бастама қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, әдеби талқыны жандандыру деп түсінеміз. Сондықтан жобаға жастар да атсалысуға ниетті.
Ерлан Тынымбайұлы атап өткендей, мұндай тәжірибе Ұлыбританияда, АҚШ-та, Норвегияда және өзге де елдерде болған екен. Мысалы, Ұлыбританияда BBC жүргізген сауалнамаға 750 мың адам қатысқан. Нәтижесінде, тізімге енген шығармаларды кітапханалардан жаздырып алу күрт көбейген және сол шығармалардың сатылымы едәуір өскен.
Сауалнама болған жерде түрлі пікір болуы балары анық. Алайда Ұлттық сауалнамаға eGov порталы арқылы жүріп жатқандықтан, бәрі әділ әрі ашық болады деп ойлаймыз.