Басты бет » Жаңалықтар » Биыл соңғы қоңырау ерте өтеді

Биыл соңғы қоңырау ерте өтеді

Фото: qaz-media.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23-ші немесе 24-ші мамырда өткізіледі», – делінген хабарламада.

Барлық мектептер үшін соңғы оқу күні ретінде 23 мамыр бекітілген. Бұл күні ел мектептерінде «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі.
Министрлік мәліметінше, биыл оқу жылын 3,9 млн астам оқушы аяқтайды. Ал мектепті 217 мың түлек бітіреді.❗️

Министрлік мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыруға, ақша жинауға, автокөлікпен шеруге шығуға және басқа да мерекелеу шараларын ұйымдастыруға жол берілмейтінін ескертеді.

Ақпарат: t.me/atamekenbusiness_qaz