Басты бет » Көлеңке (страница 4)

Көлеңке

Қарыздан қалай тезірек құтылуға болады?

Елімізде 1,5 млн адам несиесін уақытылы төлей алмай отыр. Қарызды несиемен жабу, соңғы үлгідегі смартфонды 12 айға немесе екі жылға дейін пайызсыз бөліп төлеу арқылы сатып алу, азық-түлікті қарызға жаздыру, той жасау үшін кредит алу қалыпты жағдайға айналып кеткелі қашан. Қаржылық сауат былай тұрсын, қымбатшылық қысқан заманда кей адамға көрпеге қарап өмір сүрудің өзі қиын ба дерсіз. Қарыздан құтылу үшін ...

Толығырақ »

Сақ болыңыз! Алаяқтыққа жол бермеңіз!

Елімізде алаяқтар қоғамға қауіпті болып саналатын сан түрлі әдістерін қолдану арқылы өз мақсаттарын жүзеге асыруды әдетке айналдырып барады. Осылайша, әлеуметтік желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды.                       Коллаж: ser-per.kz Киберқылмыскерлер WhatsApp аккаунттарын бұзып, адамның барлық контактілеріне үшінші тұлғалардың шоттары көрсетілген және әр түрлі сылтаулармен ақша жіберуді сұрайтын мәтін келеді. «Күдіктілер ...

Толығырақ »

«Жалбарына көмек сұраймын, бірақ…»

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық БИШІМБАЕВТЫҢ әйелі Салтанат НҮКЕНОВАНЫҢ өліміне қатысты іс үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік желіде Қазақстан Президентіне тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері бойынша қылмыстық және әкімшілік заңнаманы реформалау туралы ашық үндеу таралып жатыр. Петицияға 12 мыңнан астам адам қол қойған. Бұл туралы azh.kz порталы жазды. freepik.com Ұмытылған арыздар синдромы… «Ақ Жайық» редакциясының мұрағатында зорлық-зомбылық көрген жандардың құқық қорғау органдарынан ...

Толығырақ »

Тәнге түскен таңбалар…

    Бүгінгі тақырыптың өзегі болып отырған мәселе – татуировка жайы. Қазір жас болсын, кәрі болсын, осы бір «бәлеге» үйір боп алды. Әсіресе, жастар жағы. Денесіне қалаған суретін салдырып, сонысын бір сән, мәртебе көреді. «Бәле» деп айдар тағуға негіз болатын деректерім де бар. Тізе берсең, жетіп артылады. Негізгілеріне тоқталайық. Татуировка жасауға қолданатын бояулар қатерлі ісікке шалдықтыруы әбден мүмкін. Оның алдын ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ, ҚАРА КИІМ КИМЕШІ!

  Қазақ қызы! Үстіңе қара киім кимеші. Басыңа қара орамал тартпашы. Оранбашы қараға! Көркем жүзіңді қарамен неге тұмшалайсың? Не көрінді сендерге? Неге адасып жүрсіңдер? Айналайын-ау, өз жұртыңның салт-дәстүрінен неге жерисің? Ұзын көйлек кигің келсе, етегі тобықтан түскен, ғажап, әдемі, кең тігілген көйлектер дүкендерде толып тұр емес пе? Басыңа орамал тартқың келсе де, небір ашық түстісін, сапалысын таңдап жүріп алуыңа болады. ...

Толығырақ »

Аягүл Миразова: ҚАЗАҚ ҚАН ЖҰТҚАН ҚАЙҒЫНЫҢ ОРТАСЫНДА ДА ҚАРА ТҮСТІ КИІМ КИМЕГЕН!

Білім саласында байырғыдан келе жатқан, үлгі аларлық, өнеге боларлық мектептің киім үлгісі бар. Тәуелсіз ел атанғанға дейін де оқушы атанған жастар арнайы мектеп формасын киді. Содан оқушылар білімсіз, тәрбиесіз, тіпті дінсіз болды дей аламыз ба? Олардың иманының әлсіреуіне, білімінің төмендеуіне мектеп формасы әсер етті деу қисынды ма? Әрине жоқ! Сапалы білім алды, өнегелі тәрбиемен есейді мектеп қабырғасында олар. Әлі де ...

Толығырақ »

Құмар ойындар жастарды құрдымға тартып барады

«AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңес өтті. Кеңесте Заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл және қазақстандық жастар арасындағы лудомания проблемасы көтерілді. Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, сарапшылар, құзырлы органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, кеңес пен «Жастар Рухы» Жастар қанатының мүшелері және аймақтық филиал өкілдері қатысты. «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық Кеңес төрағасы Нартай Аралбайұлы еліміздегі казино, онлайн казино, ...

Толығырақ »

Жалғыз қазақ мектебі жабылды

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында жалғыз қазақ мектебі жабылды. ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышеваның айтуынша, қалалық білім беру басқармасы мектеп ғимаратының тозығы жетіп, шатырының кез келген уақытта опырылып қалуы мүмкін екенін ескеріп, мектепті жауып тастаған. Ал жаңа қазақ мектебінің ғимаратын салуға қала бюджеті көтермейді. Сондықтан «Шаңырақтың» оқушылары жаңа ғимарат салынғанша №11 мектепте білім алуға мәжбүр. Сурет: «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясының ...

Толығырақ »

Шымкентте қауіпті энергетикалық сусын өндіріліп келген

Шымкентте адам өміріне қауіпті энергетикалық сусын өндірілгені анықталды Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкенттегі департаменті энергетикалық сусын шығаратын жасырын цехтың қызметін тоқтатты. Жедел-іздестіру іс-шаралар барысында 21 мыңнан астам құты контрафактілік сусынның дайын өнімдері, тауар белгісі бар 54 мыңнан астам бос банка, энергетикалық сусынды құюға арналған жабдық, сия бүріккіш жапсырма, орау құрылғылары, қақпақтар, құрғақ қоспалар тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 37 млн теңгеден асады. ...

Толығырақ »

Динара Закиева: Күн сайын балаларға қатысты 6 қылмыс жасалады

Түркістан облысында 5 жасар қызбен және Алматы 7 жасар қызбен болған екі қайғылы оқиға – жергілікті жерлерде профилактика жүйесінің жоқтығының тағы бір айқын дәлелі, деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева. Фото: abai.kz Күн сайын балаларға қатысты 6 қылмыс жасалады. 70% жағдайда бұл көмектің уақытылы көрсетілмеуі мен профилактика болмауының салдары. Қазір жұмыс негізінен тек салдарлармен ғана ...

Толығырақ »