Нүрила Қоңырат (әңгіме) «Соңғы кезде күйеуімнен күдіктеніп жүрдім», – дейді бір таныс келіншек. «Қайда барса қолынан соткасын тастамайды. Бірдеңелер жазып, өзімен-өзі риза болып жүрді. Келіншекпен сөйлесіп жүргенін сездім. Жүзі нұрланып, жүріс-тұрысы өзгеріп кетті. Дастархан басында ұзақ отырмай,тез тұрып кетеді. Мəз əйтеуір. Менің жүзіме тура қарамайды, бірдеңе жасырып жүргені айдан анық. Содан, бір күні соткасын үйде ұмыт қалдырып кетті. Төсек жинап ...
Толығырақ »Әдеби әлем
Серікзат Дүйсенғазы. ЖЕЛТОҚСАННЫҢ…
Желтоқсанның ысқырған ызғары бар, Ызбарланса ызадан мұз жарылар. Өткен шақта жүректі мұнар шалған, Сол мұнардан күн бар ма бізге арылар? Желтоқсанның үскірген аязы бар, Бура шайқап, бұрқанса мая жығар. Көкейіме қонбай жүр бүгінгі әуен, Құлағымнан кетпей жүр баяғы зар. Желтоқсанның ақшұнақ бораны бар, Ұйытқи соқса қойныңа толады қар. Бозінгендей боздаса сұр аспанның Сора-сора көзінен сор ағылар. Желтоқсанның сұрапыл суығы бар, ...
Толығырақ »Жоғалған қолшатырлар
Айна жиырма жасында қалыңдық болу бақытын, жігіт сезімін білдірер ғажайып сәтті өз қиялында елестетуден жалықпайтын. Міне, көз талатын жерге дейін көлбей созылып шалқыған теңіздің жағасын ірілі-ұсақты толқын ұрып, бір шетте жақпар-жартастары арса-арса болып биік тау төне қарап, Айна болса асыл матадан тіккен ақ көйлегінің шілтерлі етегі желбіреп, таңсәріде шық түсіп үлгерген көк шалғынды кешіп келе жатар еді. Әлдеқайдан ғажап әуен ...
Толығырақ »Жадыра Шамұратова. ӘБЖІЛБЕКТІҢ БИЗНЕСІ
Төңкерген қазан тәрізді дөңгеленген қарны – тұла бойындағы көрнекті жері. Бірақ жасы отызға толмаған жігіт өзінен алға озған қарнынан еш ыңғайсыздық сезбейтін сияқты, қашан көрсең де домалаңдап бір жаққа кетіп бара жатады, бір қарасаң жылтыраған бетінен өзіне де, өмірге де көңілі тоқтығы көрініп, ырза кейіпте қайтып келе жатады. Әбжілбек деп ат қойған атасы бірдеңе білген екен де, өзі шынымен де ...
Толығырақ »Жәудір Нартай. ТОЙ КӨЙЛЕК
Әңгіме 1 Алматыдағы оқуымды аяқтаған соң, жатақханадан шығып қалдым да, әп-сәтте алып шаһарға керексіздігім мен бөтендігім сезіліп, амалсыз туған жеріме – Созаққа оралдым. Әп дегеннен «Бейнелеу өнері» пәнінің мұғалімі деген күректей дипломмен мені мектепке жұмысқа ала қоймады. Мұғалім боламын деген үмітім күн өткен сайын түгесіліп, аудандық «бос орындар жәрмеңкесіне» қатысып жүріп, кітапханаға «сирек кітаптарды желімдеуші» болып жұмысқа орналастым. Мен жұмыс ...
Толығырақ »Абай жолы – ғасыр туындысы
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопиясы – ХХ ғасырдың қазақ және әлем әдебиетінің алтын қорына қосылған жауһар туынды. «Абай жолы» – ана тіліміздегі алғашқы роман-эпопия болумен қатар, қазақ халқының кемеңгер перзенті Абай мен еліміздің жартығасырлық ғұмыр тарихын танытарлық көркем шежіре. Бұл шығарма – қазақ халқының ұлттық дәстүрін, болмыс-бітімін, тартысты тағдырын жан жақты зерттеумен көрсете білген танымдық әрі көркемдік қуаты мол туынды. ...
Толығырақ »ЕМТИХАН
(«Ақ самаурын» кітабынан) Менің Жұмабек деген ағамның бір басына жететін қырсықтығы бар. Ертеректе жекеменшік оқу орындарының біріне сырттай оқуға құжат тапсырып, жасы ұлғайғанда студент атанған болатын. Ақылы бөлім ғой… Содан жаңа жылдың алдында үйіне әлгі оқу орнынан «Пәлен күні қысқы емтихандар басталады» деген хат келіпті. Атақты көк костюм-шалбарды киіп (өзінің айтуы), аппақ «Джипті» мініп, Жұмекең айтылған күні универге жетіп барған ...
Толығырақ »Толымбек Әлімбекұлы. ҚАЙРАН, БАСТЫҚ!
Толымбек Әлімбекұлы АҚЫРЗАМАН Естуімізше ақырзаман болғанда Онда тірлік оңған ба?! Аспан айналып жерге түседі Оның салмағы елге түседі. Жер аспанға шықпайды, Құлдилап барып көрге түседі. Ауаның температурасы Не көтерілмей, не төмендемей, Нөлге түседі. Мал адам болады да, Адамдар мал болады. Шалдар кемпір, Кемпірлер шал болады. Қыздар ұл болады да Ал атпалдай ұл қыз болады. Жұлдыздар әртіске айналып, Әртістер жұлдыз болады. ...
Толығырақ »ОН ТЕҢГЕ
Бір адам ұтыс ойынынан он миллион теңге ұтып алады. Ол бұған дейін де осыны ойнап келген, бірақ ешқашан ұтып көрмеген, бұл жолы ірі ұтысқа ие болды, мол олжаға кенелді. Дос-жараны «кедей жігіт бұл қыруар қаражатты қайда жұмсайды, жақсы үй, көлік алатын болар» деп ойлайды. Оны сыртынан барлығы «миллионер» атап та кеткен. Бірақ «миллионер жігіт» олар күткендей әрекетке бармады. Жұпыны үйі, ...
Толығырақ »ҚАРАПАЙЫМ АДАМ
Ірі құрылыс компаниясына жаңадан басшы тағайындалды. Жұмысы қожырап қалған саланы бірден қолына алып, өрге сүйреді. Аз уақыттың ішінде компания тұралаудан тұрып, қарыздан құтылып, қарқынды даму жолына түсті. Байқадам Мұратұлының бұл ұжымға басшы болып келгеніне де бес жыл өтіпті. Бір күні Байқадам әріптестерін үйіне қонаққа шақырды. Бәрі келетін болды. Келді де. Басшының үйі көп қабатты үйдің бесінші қабатында орналасқан үш бөлмелі ...
Толығырақ »