Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 94)

Архив блога

АТА ТӘЛІМІ

  – Арман деген не? — Ата, арман деген қиял, — депті жігіт. — Жоқ, балам, арман дегеніміз — ақыл-ойдың шыңы. Құс — ұшсам дейді, бала — өссем дейді, қыз — көpiктi болсам дейді, жігіт — бақытты болсам дейді, қарт — жүзге жетсем дейді, ақылды — дана болсам дейді, ұстаз — шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына ...

Толығырақ »

Барып тұрған ұят, масқара!

Оқыған-тоқыған дейтін кей бөріктілер көріктілердің құқын қорғаймын деп сол азғындардың төгілген ар-ұятына, тойымсыз нәпсісіне қызмет етіп кеткенін көріп, таң қалдым, күйіндім. Ауытқығанда да ауытқып, адам болудан кеткен кісі кейпіндегі жын-сайтандардың сөзін сөйлеп отырғандарын өздері сезбейді. Ондай шеруді тию керек! Нәпсіқұмарларды көнсе тәрбиеге, көнбесе жауапқа алу керек! Бұлар ашық кетті. Әулиесі көп қасиетті жерімізде мұндай сорақылық болады деп кім ойлаған? Барып ...

Толығырақ »

Айнамкөздің ұлттық мазмұндағы үстел ойыны

Ұлттық дәстүр, фольклор мен ойындар халықтың өзіндік ерекшелігінің, оның мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігі саналады. Ана тілі мен әдебиет, этномәдениет мен өнерді  тану қазіргі қарқынды дамып келе жатқан қоғамда өте маңызды болып отыр. Екінші жағынан, XXI ғасырдың жастары клиптік ойлау және геймификацияға бейім. Олар кез келген ақпаратты ойын түрінде берілген жағдайда тез қабылдап, меңгеріп алады.  Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев ...

Толығырақ »

Асхат Аймағамбетов: ДЕБАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР МЕН МЕКТЕПТЕГІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ЖАНДАНДЫРУ ҚАЖЕТ

Дебатқа алғаш рет курстасымның өтініші бойынша қатыстым. Негізі ойынға басқа азамат шығуы керек болатын, бірақ ол бара алмады. Осылайша, екінші курста оқып жүргенімде дебаттарға қатыса бастадым. Әр ойын сайын тәжірибе жинап, жарты жылдан кейін факультет деңгейінде, кейін университет, қала, облыс деңгейінде жеңімпаз болдық. Одан кейін Ұлттық пікірсайыс турнирі болды. Сол жылдары дебат қозғалысы өте белсенді дамып жатты. Әрбір университет пен ...

Толығырақ »

Мехиколықтар: «Димаштың фанатымыз, жақсы көретін әншіміздің ана тілін үйренгіміз келеді»

Мехико тұрғындары қазақша үйренгісі келеді.Бір топ Мехико тұрғындары Мексикадағы Қазақстан елшілігіне хабарласып, қазақ тілін үйрететін курс ашуды сұраған. Дипломаттарымыз қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтың себебін сұраса, «Димаштың фанатымыз, жақсы көретін әншіміздің ана тілін үйренгіміз келеді» деп жауап беріпті. Бұдан кейін елшілік дереу 3 айлық қазақ тілі курсын ұйымдастырады. Мехиколықтар қазақ тілін испан тілінде түсіндіріп оқытуды сұрайды. Сәтіне қарай, дипломаттарымыз Назарбаев ...

Толығырақ »

23 жасар қазақ өнертапқышы Илона Маск компаниясында өзінің технологиясын сынақтан өткізеді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов америкалық бизнесмен Илон Маск ұйымдастырған Not-A-Boring Competition байқауына қатысушы Санжар Тайжанмен кездесті. Санжар Тайжан өз командасымен бірге бензинмен жүретін автомобильдерді батареямен қозғалатын электр көліктері етіп, қайта жаңғыртады. Қазақстандық өнертапқыш машинаның прототипін Министрге көрсетіп, ерекшеліктері туралы айтып берді. “Қазір электр көлігі жақсы ауа-райында 100 шақырымнан астам қашықтыққа жүре алады. Ал біз оны 500-600 ...

Толығырақ »

Қазақ қызы АҚШ-та лауазымды қызметке тағайындалды

Әсел Робертс АҚШ президенті протоколы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Қазақ қызы Әсел Робертс бұл қызметке 2021 жылдың 20 қаңтарынан бастап кірісті, – деп хабарлады Ақ үйдің ресми сайты.  «Әсел К. Робертс 2021 жылдың 20 қаңтарында АҚШ Протоколы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Протокол бастығының кеңсесінде 15 жылдан астам тәжірибесі бар ол соңғы уақытта аға кеңесші қызметін атқарды. Робертс ханым дипломатиялық ...

Толығырақ »

Заң балаларды қорғай ма, қорлай ма?

Жаңа заң жік салып жүрмесін… Қоғам белсенділерінің пікірінше, жаңа заңнама тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес деп аталатын жүйеге қатысушылар шеңберін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар баланы отбасынан бөлу, яғни тартып алу процедурасын айтарлықтай жеңілдетеді. Мысалы, баласын ұрған ата-аналарға 3 миллион теңге айыппұл немесе 2 жылға дейін оқшаулау жазасы қолданылуы мүмкін. Заңгерлер Анатолий Ким, Бейбіт Омаров, құқық қорғаушы Алия Абдинова, адвокат Елена ­Игнатенко, ...

Толығырақ »

АҚШ президентін ұлықтау салтанатында Димаш халық әнін орындады

Әлем әншісіне айналған қазақ баласы Димаш Құдайберген 17 қаңтарда АҚШ президенті Джо Байденнің инаугурациясы апталығының ашылуы салтанатына қатысып, халық әні «Самалтауды» орындады. Дәстүр бойынша салтанатты шараны бауырлас қалалардың халықаралық қауымдастығы – Sister Cities International ұйымы өткізді. Коронавирус пандемиясына байланысты биыл шара онлайн режимде өтті. Мерекеде белгілі спикерлер мен орындаушылар сөз сөйледі, олардың ішінде губернатор Билл Анабутти, Джозефина Биверс, генерал-майор Армандо Кабада, конгрессмен ...

Толығырақ »

Есер әндер көбейді

 «Ән – көңілдің ажары» деуші едік. Бүгінгі әндерді тыңдай отырып, әннің ажары да, базары да кетіп барады демеске лаж жоқ. Қазір ән де көп, әнші де көп. Тек есті ән қалмай барады. Өйткені соңғы жылдарда жас әншілердің орындауындағы әндер әнге жұртты елітпек түгілі, безіндіріп барады.  Әнге талғамы төмен әншілеріміз еш мағынасы да, көркемдігі де жоқ әндерді еш қымсынбай айта беретін ...

Толығырақ »