2025 жылдың 14 қаңтарында Түркияның Стамбул қаласындағы Karga Seven Pictures киноөндірісі компаниясының офисінде «Алтын Орда» жобасына қатысты шығармашылық топтың отырысы өтті. Бұл туралы «Dara» Президенттік бастамалар қорының баспасөз қызметі хабарлады.
Шығармашылық топтың кездесуіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин мен Karga Seven Pictures компаниясының негізін қалаушылар Эмре Шахин және Фикрет Маноглу қатысты. Кездесуде телехикаяның алты эпизодының қорытынды сценарийлері бекітіліп, басты рөлдерге актерлер таңдалды.
4 000-нан астам өтінім арасынан 350 актер іріктелді, олардың ішінде 250 қазақстандық және 100 актер Швеция, Бельгия, Англия, Германия, АҚШ, Моңғолия елдерінен екенін атап өту керек. Сондай-ақ, кездесу барысында киімдер, декорациялар мен реквизиттер таныстырылды.
Бастапқыда телехикая түсірілімдерінің 40%-ы Қазақстанда өтеді деп жоспарланған болатын. Дегенмен түсірілім алаңдарын жан-жақты зерттеу нәтижесінде аталмыш туындының бас продюсері әрі режиссері Эмре Шахин түсірілімдерді толықтай Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылдады. Түсірілімдер 2025 жылдың ақпан айында басталады.
Кастингтің екінші кезеңін өткізу де жоспарланған, ол екінші пландағы рөлдер мен екінші пландағы балалар рөлдерін қамтиды.
Бұл жобаны жүзеге асырушы «Dara» Президенттік бастамалар қоры. Жошы Хан Ұлысының 800 жылдығына орай түсірілгелі жатқан телехикаяның сценарийін жазуға белгілі сценаристер Джастин Поллард («Викингтер»), Клэр Мурсом («Құқықтан тыс король»), сондай-ақ қазақстандық және халықаралық тарихшылар мен сарапшылар қатысты.
Телехикаяны әзірлеушілер Жошы Ұлысын, Алтын Орда тарихын, көшпелі халықтардың және қазақтардың мәдени құндылықтары мен өмір салтын зерттеді.
Алтын Орда тарихы халықаралық аудитория мен дистрибьюторлар тарапынан үлкен қызығушылық туғызуда. Жаңа телехикая әлемнің түкпір-түкпірінен көрермендердің назарын аударатын ауқымды жоба болады деп күтілуде.