Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 9)

Архив блога

ЖАС СЕРЖАНТТЫҢ ҮЗІЛГЕН АРМАНЫ…

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі, сержант Мансұр Гұмаров әскери қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты. Ол Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Жұбан ауылында туған.  Мансұр 2026 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжін бітірген. Әскери мамандықты меңгеріп, Отан алдындағы азаматтық әрі әскери қызметін абыроймен атқарған. Жас сержанттың арманы Отанға адал қызмет ету еді. ...

Толығырақ »

СПОРТҚА ҚҰШТАР ЖАН ЕДІ

Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздар қатарында Маңғыстау облысы «Жас Батыр» спорт мектебінің спортшысы Сержан Аяпберген де бар еді.  «Жас Батыр» спорт мектебі ұжымы жас сарбазды еске алып, спорттағы жетістіктерімен бөлісті. Сержан жас кезінен спортпен шұғылданып, самбо, дзюдо спорт түрлерінен облыс, республика және халықаралық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, Маңғыстау спортының абыройын асқақтатқан дарынды жас спортшы еді. Ол ...

Толығырақ »

Аман қалған сарбаз жағалауға өзі жүзіп шыққан

Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үш әскери қызметкердің бірі туралы тың мәліметтер айтылды. Ол — Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғыны Бекет Қуандық. Әскери қызметке 2025 жылы аттанған. Әскери қызметкерлерді теңізге ағызып әкеткен кезде, Бекет жағалауға дейін өздігінен жүзіп барып, аман қалған. Оны ауруханаға жатқызбаған. Қазір өздігінен жүріп-тұра алады. Оқиға туралы естіген ата-анасы бірден ұлына қарай жолға шыққан. Олармен бірге қырық ...

Толығырақ »

Ақтауға әскери қызметке келгеніне бір ай болған…

Ақтауда қаза тапқан әскери қызметші Мұхтарұлы Олжастың бала күнгі арманы — әскери қызмет атқару болатын, деп еске алады туыстары. Түркістан облысының тумасы Олжас Ресейде осы сала бойынша 8 жыл білім алып, оқуын аяқтап, елге оралған. Ақтауға келгеніне небәрі бір ай ғана болыпты. «Енді жұмыс істеймін» деп, бала күнгі арманын жүзеге асыруға асыққан жас азамат еді. Олжас 2003 жылғы 9 қаңтарда ...

Толығырақ »

«Әулетінің тұңғыш немересі»: Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздың ұстазы шәкірті жайлы естелік айтты

Каспий теңізінда қаза тапқан әскер қызметші Өмірбек Өмірзақ Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында Володар орта мектебінің түлегі еді. Ол туралы естелікті ұстазы Айдана Ғаббасова айтып берді, деп хабарлайды Jastar janary Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.  Педагог шәкіртінің мектеп уақытында өте белсенді болғанын есіне алды. – Көз алдыма мектеп қабырғасында жүрген жуас мінезді, ақкөңіл, тәрбиелі баланың бейнесі қайта-қайта келе береді. Оқушы кезінен ...

Толығырақ »

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздар саны 12-ге жетті

Маңғыстау облысында қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары мәйітхананың алдына жиналды. Сарбаздардың бірінің әкесі әскери бөлім басшылығының ауа райы жағдайын неге ескермегеніне қатысты сұрақ қойды. Оның айтуынша, ұлы бірнеше күннен кейін әскери қызметін аяқтап, үйіне оралуы тиіс болған. Маңғыстаудағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің аты-жөні жарияланды Қаза тапқандар: 1. Мадихан Азамат Болатбекұлы, 10.06.2007 ж туған. 2. Төлеген Ақылбек Қабенұлы, 11.02.2007 ж ...

Толығырақ »

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қаза тапты: Оларды теңіз ағызып әкеткен

  Фото: Қорғаныс министрлігі  Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың тоғызы қаза тапты, үшеуі құтқарылды. Қалған жеті адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Jastar janary порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиға 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде болған. Ауа райы ...

Толығырақ »

Ғарышкермен өткен тағылымды кездесу

Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданы Қалжыр ауылындағы орта мектепте алғашқы әскери дайындық кабинеті ашылды. Оған Халық Қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің есімі берілді. Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен Тоқтар Әубәкіров қатысты. Ашылу рәсімінің алдында олар Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушыларына арналған Даңқ мемориалына барып, майданда қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Жаңа кабинет ...

Толығырақ »

17 жасар аудармашы әрі кәсіпкердің жетістігі

Бахтияр Садибеков небәрі 16 жасында Қазақстандағы Оман елшісіне аударма жасауға көмектесіп, дипломатиялық қабылдауға қатысқан. Қазір 17 жастағы жасөспірім ҚазҰУ-дың «Шығыстану» мамандығы бойынша бірінші курсында білім алып жүр. Бұл туралы QADAM Media жазды. Бахтияр тіл үйренуге және халықаралық мүмкіндіктерге қызығатын жастарға арналған блог жүргізеді. Ол осы уақытқа дейін әлемнің 10-нан астам елінде болып, халықаралық жастар іс-шараларында Қазақстанның атынан қатысқан. Жас кәсіпкер ...

Толығырақ »

Бүгінгі жастар кімге еліктейді?

Құрылтай отырысында депутат, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Дихан Қамзабекұлы бүгінгі жастарды ғылым-білімге тарту мәселесін көтерді. Депутат Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевқа және Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға еліміздің ақыл-ой қорына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаларды үлгі ету мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдады. «Өкінішке қарай, бүгінде жасөспірімдер мен жастардың біршама бөлігі қайбір біліксіз болгер мен керағар коучке еліктейтіні, тіпті көп тер төкпей-ақ ...

Толығырақ »