Елорда тұрғындары 25 желтоқсан күні Ақтауда болған қайғылы оқиғаға байланысты Әзербайжан елшілігінің ғимаратына гүл шоқтарын қойып жатыр. 25 желтоқсанда Ақтау әуежайына жақын жерде Бакуден Грозныйға бағыт алған Әзербайжан компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 69 адам болған, қаза тапқандар бар. Астаналықтар Әзербайжан халқымен бірге қайғырып, қаза тапқандарды еске алу үшін Қазақстандағы Әзербайжан елшілігінің ғимаратына гүл шоқтарын қойып жатыр. Астана қаласы әкімдігінің ...
Толығырақ »Архив блога
Ақтауда ұшақ апаты орын алды
Ақтау қаласының маңында «Баку-Грозный» бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ «Azerbaijan Airlines» авиакомпаниясына тиесілі. Көлік министрлігінің алдын ала ақпаратына сәйкес, бортта 6 – Қазақстан, 37 – Әзербайжан, 3 – Қырғызстан, 16 Ресей азаматы болған. «Әзербайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған», – делінген министрлік хабарламасында. Ұшақ апатына байланысты Үкіметтік комиссия құрылды. Ақтау қаласы әуежайының маңында болған ...
Толығырақ »Жеңіс тұғырында: қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиада, конкурстарда 563 медаль жеңіп алды
Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 1 816 оқушы 35 халықаралық олимпиада мен конкурстарға қатысып, 563 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 77 медаль – алтын, 201 медаль – күміс, 285 медаль – қола, деп хабарлайды Jastar janary порталы . Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық оқушылар Сингапур, Қытай, Грекия және АҚШ-та өткен робототехника бойынша халықаралық чемпионаттарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді, Балқан түбегінің ...
Толығырақ »Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл!
Бүгін қазақ поэзиясының асыл жұлдызы, дарынды ақын және қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толып отыр. Оның шығармашылығы қазақ әдебиетінде терең із қалдырып, әдебиетіміздің мақтанышына айналды. Фариза Оңғарсынова — тек ақын ғана емес, қазақ әдебиетінің жарқын тұлғасы, өз заманының терең ойлы ақыны болды. Ақынның әрбір шығармасы қазақтың ұлттық болмысын, әйелдер қауымының рөлін және еліміздің мәдени мұрасын сақтап қалу жолындағы ...
Толығырақ »Жастар арасында IQ BATTLE интеллектуалды сайысы өтті
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен «Алматы қаласының жастар ұйымдарының акселераторы» жобасы аясында жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында IQ BATTLE интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа Алматы қаласының жастар ұйымдарының мүшелері, еріктілер мен жас ғалымдар арасынан іріктелген 15 топ қатысты. Қатысушылар түрлі бағыттағы интеллектуалды тапсырмаларды орындап, логикалық және шығармашылық қабілеттерін сынауға мүмкіндік алды. ...
Толығырақ »Биыл балалар үйлеріндегі 3 мыңнан астам бала отбасы тәрбиесіне берілді
Фото: www.taunews.kz Бүгінде Қазақстанда 21 387 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар, олардың 17 660-ы отбасыларда тәрбиеленуде деп хабарлайды, Jastar Janary Qazaqstan.kz-ке сілтеме жасап. Еліміздегі жетім балалардың 82%-ы қазақстандық отбасылардың қамқорлығында. Биыл 3 мыңнан астам бала отбасы тәрбиесіне берілді.
Толығырақ »Jarqyn Bolashaq – лудомания мен алаяқтыққа қарсы жоба
Астанада людомания мен алаяқтықтың алдын алуға бағытталған Jarqyn Bolashaq жобасының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Jarqyn bolashaq жобасын «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы бастамашылық етті. Оның алаңында жастарға құмар ойындардың қаупі, алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік және жаңа технологияларды қолдана отырып, адамдарды алдау жағдайларының көбеюіне байланысты сақтық шаралары туралы дәрістер өткізілді. Сондай-ақ жас астаналықтар ...
Толығырақ »Белсенді жастарға «Рухтастар» сыйлығы табысталды
Елордада «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты үздік волонтерлер мен белсенділерді марапаттады. Республикалық «Рухтастар» жастар сыйлығы осымен үшінші жыл қоғамдық қызмет атқарған, жастар саясатын дамытуға үлес қосқан жастарға табысталып отыр. Шараға Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері мен жастар көшбасшылары қатысты. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI съезінде Жаңа Қазақстанның жастары айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағытты, яғни ...
Толығырақ »Астанада шаңғы маусымы ашылды
Астанадағы Орталық саябақта шаңғы тебу маусымы ресми түрде ашылды. Осыған орай шаңғыдан жарыс өтті. Елорда әкімдігінің хабарлауынша, шаңғы жарысы бірнеше жас ерекшелігі бойынша 500 метр және 2,5 км қашықтықта өтті. «Биылғы қыс шаңғы жарысын өткізуге өте ыңғайлы. Шаңғы маусымының ашылуын осы уақытқа жоспарлаған себебіміз – ауа райына байланысты. Тағы да айтарымыз, қардың қалыңдығы шаңғы жолын жоғары деңгейде жасауға мүмкіндік беріп ...
Толығырақ »2025 жылға арналған жұлдызжорамал
2025 жыл — жаңа бастамалар мен өзгерістердің жылы болуы мүмкін, әр зодиак белгісіне өзіндік әсерін тигізетін маңызды кезең. Бұл жылы көптеген зодиак белгілері жаңа мүмкіндіктер мен сын-тегеуріндерді қабылдай отырып, өздерінің өміріндегі маңызды өзгерістерге дайын болады. 2025 жылдың жұлдызжорамалын әр зодиак белгісіне бөліп қарастырайық. 1. Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір) 2025 жыл Тоқтылар үшін айтарлықтай маңызды кезең болмақ. Бұл жылы ...
Толығырақ »
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы