ОЙ – ҚАЗЫНА Анахарсис (Анақарыс) Скифский (Б.з.д. V-VI ғасырлар) Әлемдiк тарихта есiмi “Анахарсис Скифский” деген атпен қалған, сақтар мемлекетiнiң әйгiлi ойшылы. Ғалымдардың пікірінше, Анақарыс б.д.д. 620-555 жылдары өмiр сүрген, скифтердi ата-бабасынан билеп келе жатқан хан тұқымы. Нағыз қаракөгі үзiлмеген тектен тараған. Шешесi грек қызы. Сондықтан да Элладаның тiлiн үйренiп өскен. Өнерге, әсiресе сөз өнерiне ерекше құмартып, билердiң шешендiк кеңесiне қатысып, ...
Толығырақ »Архив блога
Оңтүстік Кореяда бизнес ашқан қазақ қызы Галина Әлімова: «ШЕТ ЖЕРДЕ ЖҮРГЕНДІКТЕН ӘРДАЙЫМ «ЛИДЕР» БОЛУҒА ТЫРЫСТЫМ»
Оңтүстік Кореяда косметика бизнесінің негізін қалаған Галина Әлімова өзінің студенттік шағы мен бүгінгі таңдағы кәсіпкерлік қызметі туралы ой бөліседі. – Студенттік шаққа «билет бар». Бірге саяхаттап, студенттік кезеңге барып қайталық? Қайда оқыдыңыз, қандай мамандық иесі атандыңыз? – 1996 жылы Satbayev University, яғни Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетін «Бағдарламашы» («Программист») мамандығын алып шықтым. Және Polytechnic College, Алматы мемлекеттік ...
Толығырақ »АБАЙДАН ҚАЛҒАН ӨСИЕТ
Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес. 2. Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады. 3. Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады. 4. Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады. 5. Әкесінің баласы — адамның дұшпаны. Адамның баласы — бауырың. 6. Ер артық сұраса да азға разы болады. Ез ...
Толығырақ »80 мың студентке жатақханаға жетіспейді
Жақында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары студенттер жатақханасы мәселесін көтерді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев өзінің instagram парақшасында жазба қалдырды. Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді». «Еліміздің тірегі – жастар», «Жас келсе, іске!» деп ұрандатып жатамыз. Дегенмен, сол жас студент үшін жатақхана мәселесі шешімін табар емес. Cтуденттің сапалы білім алуы үшін, оның жатақханамен қамтамасыз ...
Толығырақ »ЛОНДОНДА ҚАЗАҚ МЕКТЕБІН АШҚАН ӘСЕЛ
Англияда тұрып жатқан Әсел есімді қазақ қызының шет мемлекетте қазақ тілін үйрету мектебін ашқандығы туралы Жолымбет Мәкіш есімді желі қолданушысы өзінің Facebook парақшасында жазыпты. «Англияға кеткен Әcел дейтін павлодарлық қарындасымыз Лондоннан қазақ мектебін ашыпты. Лондонда қазір бес мыңдай қазақ тұрады екен. Олардың ішінде Қазақстанға қайтып келетіндері де бар, сол жаққа біржола көшіп кеткендері де бар. Бірақ бәрі балаcын қазақша оқытқысы ...
Толығырақ »Желтоқсанның шындығы әлі ашылады
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында милиция Генералы М.Д. Қалматаев : «Мынау не сұмдық, мұны тоқтатпайсыз ба? Фашистер де бұлай істеген жоқ!» Елі үшін, Халқы үшін өлімге жанын беруге дайын болған нағыз патриот Генерал ағамыз! Колбин: «Мен сенің көзіңді құртамын!» деп 50 жастағы генерал Калматаевті Ауған соғысына аттандырып жібереді. Ауған соғысына жасы 35-тен асқан офицерлерді жібермейді. Ауған соғысына қатысқан жалғыз қазақ — генерал ...
Толығырақ »«Elorda Jastary» жастарды баспанамен қамтиды
Сурет: tproekt.com Бас қаламызда жастарға арналған «Elorda Jastary» атты арнайы тұрғын үй бағдарламасы жақында іске қосылады. Жеңілдетілген әлеуметтік несиелендіру тұрғын үй бағдарламасы елорданың жас мамандарына арналған. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында «жетім балалар» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік, мәдениет және спорт салалары, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ, полиция департаменті, ТЖД қызметкерлері, коммуналдық кәсіпорындардың бейінді қызметкерлері және ...
Толығырақ »Жоғалған әмиән
Бір адам көшеден ақша толы әмиән тауып алады. Сол кезде оның отбасы қаражаттан қатты қиналып, тұрмыста тарығып отырған еді. Алайда ол тапқан олжасына бір қарағаны болмаса, ішіндегісіне саусағының ұшын да тигізбейді. Әмиәнді қалтасына салып қояды. Үйіне келсе, сол қара су мен қара наннан өзге талғажау қыларлық дәнеңе жоқ. Ол тапқан олжасын ойлап, бірер ақшасын алса қайтер еді деп қиналады, алайда ...
Толығырақ »Төрегелді ШАРМАНОВ: «Сол бір ғана сәт менің өмірім мен тағдырымды түгелдей игеріп әкетті»
Төрегелді Шарманов, Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ тағамтану академиясының президенті: Қарағанды медицина институтында 2-ші курста оқып жүрген кезім. Кітап дүңгіршегінде кезекте тұр едім, алдымдағы қос бұрымын арқасына жіберген қыз маған жалт қарағанда жүрегімді тіліп өткендей. Міне, сол бір ғана сәт менің өмірім мен тағдырымды түгелдей игеріп әкетті. Есіл-дертім кетіп ғашық болдым. Күлзиям бізде 1-ші курста оқыды. Орыс мектебін бітірген, ал ...
Толығырақ »Қазақ үшін «жеті» саны неге қасиетті?
Жеті қазына: Ер жігіт Сұлу әйел Ақыл, білім Жүйрік ат Қыран бүркіт Берен мылтық Жүйрік тазы. Жеті жетекші: Адамның басшысы – ақыл, Жетекшісі – талап. Жолаушысы – ой. Жолдасы –кәсіп. Қорғаны – сабыр. Қорғаушысы – мінез. Сынаушысы – халық /Саққұлақ би/. Жеті ғашық: Ләйлі – Мәжнүн Фархад – Шырын Таһир – Зуһра Арзу – Қамбар Уәлік – Ғарра Уәки – ...
Толығырақ »