Желтоқсанның 17-і соңғы сабақ. Сағат 12.00-де аудиторияға орта бойлы, арықша келген, қара торы,мұртты жігіт кіріп келді. Сендер журналистер алаңда не болып жатқанын білесіңдер ме? — деп сұраулы көзбен қарады. Республикамыздың бірінші хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына басқа біреуді тағайындапты. Алаңға халық шығып, наразылық білдіріп жатыр -деді де, кетіп қалды. Бұрын соңды алаңға, адамдардың шыққанын естімеген біздер, түгел курсымызбен жатақханаға емес, бірден ...
Толығырақ »Архив блога
Тәуелсіздікпен тел өскен
Осыдан 30 жыл бұрын Сырым ауданында дүниеге келгенімді мақтан тұтамын. Себебі, дәл сол жылы еліміз өз тәуелсіздігін жария еткені белгілі. Тәуелсіздіктің құрдасы екенімді ойлағанда, көкірегімді бір әдемі сезім әлдилейді. Жұбан атамыз айтқандай, «мың өліп, мың тірілген» қазақтың қалың тарихына үңілсең, талай рет тағдыры қыл ұшында тұрғанын байқайсың. Жаның түршігеді. Тағдырдың сын тезінен аман қалғанымызға қуанасың. Біз шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, ...
Толығырақ »Тұғыры берік Тәуелсіздік
Осындан тура 30 жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігін жариялады. Қазақ елінің егемендігін бүкіл әлем мойындады. Қазақтың көгінде азаттық туы желбіреді. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз елім – Қазақстаным» атты салтанатты жиын өтті. Шара барысында Ақжайық ауылдық модельді кітапхананың кітап көрмесі қойылды. «Армандаған ұлы күн» композициясы көрсетіліп, жас әншілер И. Муратов пен Н. ...
Толығырақ »МАҚТАУҒА және МАҚТАНУҒА тұрарлық ЖЕЛТОҚСАНШЫ АРУ
«Төмендегі тарихи фотосуреттегі қыз табылыпты, тірі екен» деген сүйінші хабарды естігенде жүрегім елжіреп кетті. Сол кездегі бойжеткен АНАР РАХЫМЖАНОВА екенін естідім. «Жолы болар жігіттің, жеңгесі шығар алдынан» дегендей, сол сәтте Үржар ауданындағы бір танысым: «Мынау менің құдашам» деп қалды. Оған кенеше жабысып жүріп, қайсар қыздың телефон нөміріне қол жеткіздім. Жүрегімді толқытқан жан өзіміздің шырайлы Шығыстың қызы, жерлесім болып шықты. Қазіргі ...
Толығырақ »Отбасы – мемлекеттің негізгі
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші, білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. «Отбасы – аялы алақан мекені». Отбасы құндылықтары бәрінен биік тұруы ...
Толығырақ »«Елдіктің жеті тұғыры»
Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды. «Бұл – отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасы ретіндегі менің жас ұрпаққа жолдар үндеуім деп қабылдаңыздар» деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Толығырақ »ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТКЕН АДАМ
(ҒИБРАТТЫ ӘҢГІМЕ) Ертеде бір қалада бір адам өмір сүріпті. Күндердің бір күнінде ол әлемнің кемеліне жетпегеніне көзі жетеді. Бұл ой ерте ме, кеш пе, кез келген адамды мазалауы заңды ғой. Алайда бұл адам ерекше адам еді. Ол әр ойын, іспен дәлелдеуге машықтанған еді. Сөйтіп, ол әлемді өзгертпек болып, іске кіріседі. Ол әлемді сұлу, тартымды, мейірбандыққа құштар етіп жетілдірмек болды. Ол: ...
Толығырақ »Криминалист
2021 жылғы 2 қарашада Орал қ. ПБ-ына хабарласқан бір азамат пәтерінен қымбатқа бағаланатын ұялы телефонының ұрланғаны туралы хабарлады. Ұрлық орын алған мекен-жайға Абай полиция бөлімінің жедел тергеу тобы дереу жетті. Полиция қызметкерлері, дәл осы күні сағат 14.15 пен 15.30 аралығында Чагано-Набережная көшесіндегі бір үйге кірген белгісіз тұлғаның ұрлыққа түскенін, үй иесінің айтуынша корпусы қара түсті «Самсунг-Галакси» маркалы ұялы телефонын ұрланғанын ...
Толығырақ »Қазақтың батыр қыздары
Айбике ару Айбике ару Абылай ханның жау тылындағы барлаушыларының басшысы болған. Оның қоластында бірнеше тыңшы, барлаушылары болған. Ол ұзақ жылдар бойы «қолға түскен күң» бейнесіне еніп, қалмақ қонтайшысының ордасында күтуші болады. Жаудың күші мен шапқыншылық ниеті туралы Абылай ханға, Қаракерей Қабанбай мен Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек пен Қыпшақ Тілеулі батырларға астыртын құпия хабарлар мен мәліметтерді жеткізіп отырады. Ержүрек қыз Айбике ...
Толығырақ »АЛТЫН ТАҒЫҢ БОЛҒАНША, АЛАҚАНДАЙ ЖЕРІҢ БОЛСЫН
Баяғыда «Еділді келіп алғаны, етекке қолды салғаны, Жайықты келіп алғаны, жағаға қолды салғаны; Ойылды келіп алғаны, ойындағысы болғаны» деп ақылман аталарымыз айтып-ақ кетті ғой. Талай жерден жылай-жылай айырылған халық енді еңсе көтеріп, ел болдым ба деп отырған бүгінгі күні «жерді сату», «қостілділік», «қос азаматтық», «жерге жекеменшік беру» деген секілді өрескел талаптарды қалай ғана бей-жай қабылдай аларсың?! Қазақстан – жер жүзіндегі ...
Толығырақ »