Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 125)

Архив блога

Қылмысты әшкерелеу ме, әлде…?

           Қылмысты әшкерелеу ме, әлде…? немесе Телеарналарда қылмысты бұқараға ашық түрде жариялау қаншалықты қажет?           Бүгінде телеарналарды қосып қалсақ, «біреуді ұрып кетіпті, пәленшені тонап, өлтіріп кетіпті, бірнеше күн бойы азаптаған яки құлдыққа салған», – деген сынды сұмдық жайттардың куәсіне айналып жатамыз. Қылмыскердің оқиға орнына қашан, кіммен, не үшін, не істеу үшін келгендігі арналарда тәптіштеп, бүге-шүгесіне дейін айтылады. Жәбірленушіні қалай соққыға ...

Толығырақ »

Айгүл ИМАНБАЕВА: «Түйсігі бар адам күнде өмірден сабақ алады, үйренеді, өседі»

         Бүгінгі қазақтың болашағы кімді де болмасын алаңдатары анық. «Жастар жанарында» жастарға тәлім-тәрбие, өнеге болатындай еліміздің белгілі азаматтары мен азаматшаларын әңгімеге тартамыз. Қазір ән айтып, бағдарламалар жүргізіп жүрген отандық арулармыз көп. Солардың арасынан өзіндік қазақи болмысын сақтап қалған, Ана тіліне деген құрметін жоғалтпаған, қазағым, ұлтым деп қызмет етіп жүрген қазақ қызымен сырласуды жөн санадық. Салмақты ойы, салиқалы пікірі жастардың болашағына ...

Толығырақ »

Жан мұңым мен жан сырым – жиырма бес хат

Тілек тасын аялаған, арман жырларын саялаған, тағдырдың қатты толқындарынан қорықпаған азамат, республикалық «Шарапат» шығармашыл жастар байқауының бас жүлдегері – Топанбай Мейірханның «Алматы»арнасының «Жаңалықтар» тізгіншісі Əнуарбек Жəлелге жазған хаттарынан. Жалғасы. Бесінші хат Жан жылуы Жан жылуын іздеуден, шаршадым, күз кеудем. Медине Гүлгүн             Əнуарбек аға, бұл хаттардың тағдыры мен үшін белгісіз. Сізге жете ме, жоқ па?! Ол жағын білмедім. Бірақ… Барынша мұңымды ...

Толығырақ »

«Хан Тенгри» тобы: «Алғаш өнер сайыстарында бір-бірімізге қарсылас болдық»

– Өнер айдынында енді-енді қанат жайып келе жатырсыздар. Сондықтан алдымен жақынырақ танысып-білісіп алсақ. Қай жақтан боласыздар? Әншілік өнерге қалай келдіңіздер? Бауыржан: – Мен Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласынан боламын. Мәди – Алматы облысы Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ деген ауылдан. Екеуміз де өнерлі отбасынан шыққандықтан, жастайымыздан, ес білгелі бері өнердің маңайында жүрміз. Мен Талдықорған қаласындағы политехникалық колледжде оқып жүргенде Мәди Ө. ...

Толығырақ »

Сағыныш лебі

  (Ұстазым Серікқали Ғабдешұлы Шарабасов туралы)           Мектеп кезінде, нақтырақ айтсам 10 сынып оқып жүргенде «Абай оқулары» деген жарысқа қатыстым. Аудандық кезеңнен сүрінбей өтіп, облыстыққа жолдама алдым. Міне, облыстық деңгейде өнер көрсеткелі тұрмын. Алдымда бізге төрелік ететін үш адам отыр. Солардың ішінен кең маңдайлы, ойлы жүзді, көп оқығандығы айтпай-ақ білінетін үлкен адам көзіме жылы ұшырады. Ол кісінің көзіме жылы ұшырауының ...

Толығырақ »

Жас журналистер қабылдаймыз!

Құрметті жастар! Республикалық ұлттық, қоғамдық-мәдени «Жастар жанары» сайты мақала жазуға қабілетті, жаңашыл жастарды бірлесе жұмыс жасауға шақырады. Қаламақы төленеді. Толық ақпарат алу үшін 87754510412, 87757510483 телефондарына хабарласуға болады.

Толығырақ »

Ник Вуйчичтің қайсарлығы

  Ник (Николас) Вуйчич – кәсіби мотивациялық оратор, сирек кездесетін синдром тетра-амелия деп аталатын ауру түрімен туған. «Менің мақсатым – адамдарға өз жолын табуға көмектесу», – дейді Ник. Ол 1982 жылы 4 желтоқсанда Австралияның Брисбен қаласында Борис Вуйчич пен Душка Вуйчич отбасында дүниеге келген. Ол екі қолы және екі аяғы жоқ болғанына қарамастан, дені сау бала болып өмір есігін ашқан. ...

Толығырақ »

Насыбай туралы шариғаттың үкімі қандай?

Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың хадистерін назарға ала отырып бекітілген мынадай фиқһ қағидалары бар: Біріншісі — «Әр зиянды нәрсенің үкімі – харамға байланған»[1]деген қағида, екіншісі — «Жаманы мен жақсысы қатар тұрғанда, әуелі жаманынан құтылудың қамын ойлау».   Бұл дегеніміз, насыбайдың жаппай атқан адамға тиетін зардабы анықталып жатса және оның зияны пайдасынан асып түссе немесе пайдасы мен зардабы қатар келсе, онда оған ...

Толығырақ »

Ән, музыка тыңдау харам ба?

Сұрақ: Ән, музыка тыңдау харам ба?   Жауап: Құрметті пайғамбарымыз­дың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ән мен музыкаға рұқсат еткен және тиым салған хадистері бар. Кейбір ғалымдар жаппай музыканы харам десе, енді біреулері адамға пайдалысын ғана халал санаған. Бұл жерде музыка тыңдаушысын имани істен тиятын болса – харам, қайта иманын ұштайтын болса – халал есебінде. Қарапайым ғана мысал: сіреңкені ...

Толығырақ »

Өзгеге еліктемей, өз болмысыңды дәріпте!

           Бұрын «сәнқой» деген қыздарға қарата айтылатын теңеу секілді еді, бүгінгінің де жігіттері де сәнденіп алатынды шығарған. Көшеде кетіп бара жатсаң, соңғы үлгідегі киім тырысқан шалбар мен жейде киіп, мүсіндерін көрсетіп тұрған жігіттерді осы күндері жиі кездестіреміз. Ол аздай құлақтарына сырға тағып, шашын өсіріп, бояп алатын да жігіттерді көрсек таң қалмайтын болдық. Қазір техниканың дамыған заманы, жаһандану дәуірі деп жүрміз. ...

Толығырақ »