Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің өмірден түйген ойымен бөлісті.
«Мына қарбалас заманда қалай бәріне үлгеруге болады?
Өмірімде бірнеше бағытты қатар алып жүруге тура келеді. Ол – үй шаруасы, бала тәрбиесі, өз шығармашылығым (театр, кино, блог жүргізу), басқа да кәсібім демекші… Бәрі маңызды сияқты.
Десе де, «Мен үшін ең маңыздысы қайсы?» деген ой соңғы кездері маза бермейді.
Сөйтсем, ең маңызы – өзім екенмін)
Бәріне үлгеремін деп аптығу ойымда да жоқ. Мақсатым – бақытты болу. Бақытты күйде ғана өзіме, отбасыма, айналама жылулығым мен мейірімімді, махаббатым мен қамқорлығымды бере аламын.
Байқағаным, бақытты айналаңнан емес, өзіңмен үйлесімде болғанда ғана табасың. Жаңа орта, жаңа қарым-қатынас, сәнді киім сені бақытты етпейді.
Нағыз бақыт –жүрегіңдегі тыныштық пен еш себепсіз реңіңнің бал-бұл жайнауы.
Әр әйелдің бақытты болуын мақсат еткен авторлық жобам өзіңіз үшін, қымбаттым!» – деп жазды.