Сабыр

берік
Берік Дүйсенбайға

Парсы халық əні ізімен

Сабырлы жан сөйлесе,
Жүрек тыңдар тек үнсіз.

(Парсы халық əнінен)

Жүректің қақпасын қағуға,
Өр жігер мен сабыр қажеті.
Жұлдыздай бір көкте жануға,
Жолдас етсең жетер жүректі.
Адал жүректен күй саулар,
Күй аспап қолға ілікпей.
Жақсымен жүрек мұңы ауар,
Көктем келер, қыс кетпей.
Арман шырағын жағуға,
Қоса білер ерім білекті.
Жалғаннан бақыт табуға,
Жоймау да керек тілекті.

***
Құлақ тосар жүрек қашаннан,
Жүрекке сабыр жыры қашалған.
Сабырлы сөзін сөйлеген сəтте,
Жан гүлі гүлдер күздегі солған.
Сабырлы сөзін сөйлесе дер дөп,
Қорғаны болар – қара халық көп.
Асаулау қалып кейде зарарлы,
Сабырсыздық — көңілдегі бір шөп.

***
Салмақтап айтып сөз неше,
Құя білген сынбас құмыра.
Жарырар ол жүрген көше,
Жүректерге шашар шұғыла.
Жүрегі жақсылық деп бұлқына,
Сабыры мен мақсатқа ұмтыла.
Қаға алмас сабыр атты діңгегіне,
Арсыздар талпынғанмен сына.
Парсылар жазған жырды көне,
Арнадым сізге жүректен сөз төге.
Сабырлы қалыппен жұртқа жаққан,
Шындықтың түбіне өр мың шөге.

Пікір жазу