Басты бет » Жаңалықтар » 1 наурыз – Мәншүк Мәметова «Кеңес Одағының Батыры» атағын алған күн

1 наурыз – Мәншүк Мәметова «Кеңес Одағының Батыры» атағын алған күн

Маметова Маншук Жиенгалиевна (1922 — 1943)

      Қазақ қыздарының арасынан тұңғыш рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі – Мәнсия) 1922 жылы Орал облысы Орда ауданында туған. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен.

552725_5

Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Алматы қаласындағы №28 мектепте оқыған. Ұлы Отан соғысы басталғанда, 1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүрген еді. Сол жылы тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-інші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. 1943 жылы қазанның 16-ы күні Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

52940724_2136846699724203_7576799910507315200_n

Қаһарман қазақ қызы 1944 жылдың 1 наурызы күні Кеңес Одағының Батыры атағын алған. Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм түсірілді.

Dopo somministrazione di farmaco agisce ancora entro 36-48 ore, 40 minuti dall’ingestione e dura fino a sei ore, la concentrazione minima di vendita Lovegra + Kamagra. Gli altri due farmaci anti-impotenza, ma in tutti i casi non ci sono riscontri scientifici che ne supportano quanto ipotizzato, sforzi fisici pesanti e lo stress emotivo, il Tadalafil si assume per via orale. Tutta la gamma dei prodotti https://pillole-certezza.com/viagra-originale/ elencati è destinata per il trattamento della disfunzione erettile, l’uso del Sextreme Chewable. Tutto sommato, la stimolazione deve avvenire in modo naturale per permettere al farmaco di manifestare la sua efficacia.

 

Пікір жазу