Басты бет » Жаңалықтар » Сауалнама: ЖАСТАР КІТАП ОҚИ МА?

Сауалнама: ЖАСТАР КІТАП ОҚИ МА?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтай отырысында білімге құштарлықты, оқуға деген сүйіспеншілікті білдіретін мерекені белгілеуді тапсырған болатын. Осылайша, 23 cәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Бүгін еліміздің әрбір өңірінде мереке алғаш рет қарқынды түрде аталып өтуде. Президенттің бұл бастамасы көпшілік қауымның көңілінен ерекше орын алып, халық арасында ерекше қолдау тапты.

Ұлттық кітап күні – еліміздегі оқу мәдениетін қалыптастыруға, кітап оқудың маңыздылығын арттырып, өскелең жастардың рухани азықтануға, және кітапқа деген қызығушылын нығайтуға жасалған бастама. Бүгінде кітап оқуға ынтасы бар жандар үшін барлық жағдай жасалған. Бірі қағаз бетіне басылып шыққан нұсқадағы кітаптарды оқыса, енді бірі аудиокітаптар мен электронды кітаптарды оқығанды ұнатады. Оқырманның өз ыңғайы мен қалауына байланысты.

Қазіргі уақытта кітапқа құмар жастардың қатары артқан. Дереккөздерге сүйенсек, былтырғы жылдың қорытындысына сәйкес, кітапханаға барып кітап оқитын оқырмандардың саны 54 млн-нан асқан екен. Кітап оқыған адам ең әуелі саналы, сауатты, білімді болып, сыпайылығы мен мәдениеттілігі көзге түсіп тұрады. Сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде әдеби сөздер қалыптасып, сөз байлығы арта түседі.

Сондықтан Ұлттық кітап күніне орай Jastar janary ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы жастар арасында сауалнама жүрізді.

 

КІТАП СІЗ ҮШІН НЕ? КІТАП ЖАЙЛЫ НЕ АЙТАР ЕДІҢІЗ?

 

Тайс АЙСАЖАН, студент:

– Кітап – мен үшін рухани азық. Ойымды дамытып, тыныштық сыйлайды. Кітап айналаңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға, тіл байлығыңды әсемдеуге көмектеседі. Өз басым кітапты көп оқып, басқа кісілердің бой алдырған қателігін өз өмірімде қайталамауға тырсамын. Кітап мен үшін сөзбен айтып жеткізе алмайтын бөлек бір әлем.

 

 

 

 

Қарақат ӘДІЛХАНОВА, студент:

– Мен кітапты руханы байлықтың кілті деп түсінемін. Кітап – бұл білімнің шексіз әлеміне апаратын жол. Кітап – ол адамның ішкі дүниесін байытатын, өмірге деген көзқарасын кеңейтетін ең мықты құрал.

 

 

 

 

 

 

Алтынбек ЖАНҚОЗИЕВ, студент:

– Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды бағалы зат. Өз басым кітап оқыған кезде бүкіл жан-тәніммен кітаптың ішіне кіріп кетіп, көз алдыма болып жатырғандай бейнеде елестетемін. Кітапсыз өмір бос деп ойлаймын.

 

 

 

Гүлмерей КИЛИШБАЕВА, сән салоны маманы:

– Кітап – мен үшін жан тыныштығы. Кітап мен үшін білім мен руханиятқа бұлақ көзін ашушы құрал. Кітап мен үшін шабыт пен махаббат, құндылық деп білемін.

 

 

 

 

Венера ЕЛМҰРАТОВА, көпбалалы ана:

– Кітап мен үшін көп сұраққа жауап алатын дүние. Көп балалы ана болсам да кітап оқуға уақыт табамын. Балаларым далаға ойнатуға шыққанда сөмкемде үнемі кітабым болады.

 

Мақпал АЛИШОВА, сатушы-маман:

– Кітап өмірімнің бір бөлшегі десем болады. Кітап оқысам жаным тынышталып, өмірге деген көзқарасым өзгереді.  Кішкентай кезімнен бастап кітапқа жақынмын.

 

 

 

 

ҚАНДАЙ ЖАНРДАҒЫ КІТАПТАРДЫ ОҚИСЫЗ?

 

Тайс АЙСАЖАН, студент:

– Көбінесе мотивациялық, философиялық және детективті кітаптарды оқимын.

Қарақат ӘДІЛХАНОВА, студент:

– Классикалық, психологиялық, тарихи шығармаларды оқығанды ұнатамын.

Алтынбек ЖАНҚОЗИЕВ, студент:

– Тарихты көп оқимын.

Гүлмерей КИЛИШБАЕВА, сән салоны маманы:

– «Махаббат қызық мол жылдар», «Ғашықтар», «Болмаған балалық шақ», «Страх как ресурс», «100 благадарности», «Сама себе психолог» кітаптарын оқыдым. Ал негізінде, көркем әдебиет, ғылыми және психологиялық жанр жаныма жақын.

Венера ЕЛМҰРАТОВА, көпбалалы ана:

– Діни кітаптарды, психологиялық кітаптарды оқимын.

Мақпал АЛИШОВА, сатушы-маман:

– Мотивациялық, психологиялық кітаптарды көбірек оқимын. Және белгілі ақын-жазушылардың туындыларын оқығанды жақсы көремін.

 

«ҚАЗІРГІ ЖАСТАР КӨП КІТАП ОҚЫМАЙДЫ» ДЕГЕН ЕЛ АРАСЫНДА ҚАЛЫПТАСҚАН ТҮСІНІК БАР.

БҰЛ ЖӨНІНДЕ НЕ АЙТАСЫЗ?

 

Тайс АЙСАЖАН, студент:

– Бұл сөзге келіспеймін. Бес саусақ бірдей емес. Әр адам әртүрлі. Және әркімнің қызығушылығы әртүрлі.

Қарақат ӘДІЛХАНОВА, студент:

– Кейбір жастар расымен де кітап оқымайды, десе де жақсы, терең, сүйіспеншілікпен кітап оқитын жастар өте көп. Керісінше, қазір кітап оқитын жастардың қатары толығып жатыр деп ойлаймын.

Алтынбек ЖАНҚОЗИЕВ, студент:

– Қазір барлығы ғаламтормен ақпарат алмасатын заман болды ғой. Тез әрі жеңіл ақпарат тез оқылады. Керек заттыңды, түсінбеген нәрсеңді ғаламтордан оқып, білесің. Cол үшін де шығар деп ойлаймын. Бірақ қазір кітап оқып отыратын жастарды көп байқаймын.

Гүлмерей КИЛИШБАЕВА, сән салоны маманы:

– Менің ойымша, қазір жастар көп кітап оқиды.

Венера ЕЛМҰРАТОВА, көпбалалы ана:

– Мен бұл пікірге келіспеймін. Керісінше, кітап оқитын үлкен-кіші жастағы адамдарды көп байқаймын.

Мақпал АЛИШОВА, сатушы-маман:

– Әр адам әртүрлі ғой. Мүмкін уақыт тығыздылығына байланысты уақыты болмай жатар. Бірақ көп жастар қазір кітап оқиды.

 

СІЗГЕ ҚАНДАЙ НҰСҚАДАҒЫ КІТАПТЫ ОҚЫҒАН ҰНАЙДЫ? БАСЫЛЫП ШЫҚҚАН КІТАП ПА, АУДИО КІТАП ПА НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАП ПА?

 

Тайс АЙСАЖАН, студент:

– Аудио кітапқа қарағанда, қолыммен кітапты ұстап иісін, энергиясын, құндылығын сезініп оқыған ұнайды.

Қарақат ӘДІЛХАНОВА, студент:

– Үйде кезде кітап оқимын, жолда, көлікте кетіп бара жатырған да аудио кітаптарды тыңдаймын.

Алтынбек ЖАНҚОЗИЕВ, студент:

– Электронды кітаптарды оқимын.

Гүлмерей КИЛИШБАЕВА, сән салоны маманы:

– Көбінде кітап оқыған ұнайды. Бірақ кейбір уақыттарды оқыған кітабымның аудиосын тыңдаған да ұнайды.

Венера ЕЛМҰРАТОВА, көпбалалы ана:

– Жоқ электронды, аудио кітаптарды мүлде қарамаймын. Қағазға басылып шыққан кәдімгі кітапты оқимын.

Мақпал АЛИШОВА, сатушы-маман:

– Кітап жинағанды жақсы көремін. Себебі оқыған кітабымды арада біршама уақыт өткесін қайта оқып шығамын.

 

СІЗГЕ КІТАП ОҚЫҒАН КӨБІРЕК ҰНАЙДЫ МА ӘЛДЕ ТЕАТРҒА БАРЫП

ҚОЙЫЛЫМ КӨРГЕН ҰНАЙ МА?

 

Тайс АЙСАЖАН, студент:

– Оқыған кітаптарымның қойылымын көргенді жақсы көремін. Жалпы, театрға құрбыларымызбен, ұстазымызбен барып тұрамыз.

Қарақат ӘДІЛХАНОВА, студент:

– Кітап оқу-қиялға орын береді, ойды тереңдетеді. Ал кино мен театр – эмоция мен визуалды әсер береді.

Алтынбек ЖАНҚОЗИЕВ, студент:

– Кітап оқыған ыңғайлырақ. Бірақ театрдан көрген ол да бір бөлек. Екеуі де ұнайды.

Гүлмерей КИЛИШБАЕВА, сән салоны маманы:

– Барлығы өз орнымен. Кітап оқып, сол кітаптың қойылымын көрген ұнайды. Немесе кейбір кинолардың кітапағы сюжеттерін оқыған ұнайды.

Венера ЕЛМҰРАТОВА, көпбалалы ана:

– Екеуі де ұнайды. Екеуін бір-бірімен салыстыруға болмайды деп ойлаймын.

Мақпал АЛИШОВА, сатушы-маман:

– Тыныштықта, таза ауада отырып кітап оқыған ыңғайлы.

Перизат САПАРОВА,

Jastar janary