Басты бет » Руханият » Жүрегімнің сөзі

Жүрегімнің сөзі

%d1%88%d1%8b%d0%bd%d0%b0%d1%80

(Əңгіме Білəл Нұрсұлтан Жанатұлына арналады)

Бүгін: Қытай даналығына көз салсаң, «бəрін ұмытасың, тек жүректегі жанды емес» деген сөзі алдыңнан шығады. Анығы солай. Бəрін ұмытуға болады көз көрген, құлақ естігенді. Тек — жүрекке жазылған жазу өшпейді. Уақыт, шіркінді, қойсаңшы?! Желдей зулап, Жезді өлкеден де жырақтатып, біраз дүниені санадан шаңдай сүртіп тастады. Ия, Анастасияның ол жақта балалығы қалды. Балалық!!! Балалық деген қар сияқты. Жадыңа түссе, қардай жүрегің еріп, жанарың жіпсіп қоя береді. Балалық жайлы ойланғаны сол еді. Дауыста бір жақындықты аңғарды. Жақындық бар. Бұл дауыс — Аннушка деп еркелететін жалғыз адамның дауысы ма?! Анастасия жанарынан жасы сорғалап, əжесіне қарады. Əжесі бағанадан бері байқап отырса керек. «Настя, қоңыр қозым!!! Есіңе түсті ме? Жылама, иә. Үнін тыңда деп оятқаным бекер емес. Ол үннің иесі — Нұрсұлтан!!! Сұлтан деуші едік қой. Кішкентай ғана бала еді. Ат жалын тартып мінетін азамат болыпты», – дей бергені сол еді. Есіктің қоңырауы басылды. Настяның тарам-тарам боп тамған көз жасын асығыс бет орамалымен сүртіп, есікке қарай беттеді. Настяның құлақ түбіне бұдан он жыл бұрынғы Сұлтанның «Аннушка»деген дауысы қайта естілгендей болды.
Кеше: Қараңғылық — шарасыздық. Жарық дүниенің сұлулығына көз суғара алмау, табан жолыңды анық көре алмак — қасіреттің үлкені. Сол қасіретпен күн кешуге көндігу — азап. Настя — жарық дүниені туғалы көрмеген. Ол үшін жарық деген сын есім түсінігінде жоқ. Жұрттың айтуынша, ол зағип екен. Ол тек өзі еркін жүргісі келетін. Өз киімін өзі түзеп, алдына қойған асты көріп, өз қолымен жегісі келетін. Бір ғана түс бар ол үшін ол — қою қара түс. Қара түстен жаны жылайтын. Ылғи біреудің жетектеуімен жүруден қиналатын. Түрік халқында, «жұбанышың — үміт болсын» деген тілекті сөздің мəнін ол ерте түсінген. Ғазиз балалығында ғәріптіктің не екенін ұғу — адамды ерте есейтеді. Настя үш жасынан бастап өзінің жайын аздап түйсіне бастады. Эфтелия əжей үнсіз ғана жанарынан немересінің жайына тамшы үзетінін əже үнінен аңғаратын.

Мейірхан Мейрамбекұлы

Жалғасы бар…

Пікір жазу