Кеңес одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы:
«Қыздың намысын ер-азамат қорғауы – парыз. Өзінің анасын – ана, өзінің қарындасын қарындас көріп, басқаның анасын, апа-қарындасын әншейін ұрғашы санайтын санасыз бөріктілер бар. Ананы ардақтаған, қызды қадірлеген еркек заты ғана азамат атына лайық. Әйтпесе шалбарды кім кимейді дейсің?! Жылан да, ара да гүлдің нәрін сорады. Бірақ біреуі – бал, біреуі у жасайды. Еркек атын иемденіп жүрген бәтуасыз бен ер-азамат осыған ұқсас»